Меню

Страницы

Статья

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу туралы

"Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызметі көрсетіледі:

1) психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға;

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге;

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

5) егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға қолданылмайды.

Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) " Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы";

2) "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не, Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) нысан бойынша өтініш;

2) Жеке сәйкестендіру нөмірі бар көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) нысан бойынша медициналық карта;

4) балалар үшін-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі.
Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері болмаған кезде өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) ОЖБ-дан үзінді көшірме (ОЖБ болған кезде қарттар үшін);

2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін медициналық картадан басқа құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Анықтама және түсініктеме алу үшін "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ М.Әуезов көшесі, 30 мекенжайы бойынша хабарласуға болады. 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Дата публикации
23 февраля 2021
Дата обновления
23 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

14 января 2026
Атаулы әлеуметтік көмек
01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер
01 августа 2024
Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің байланыс телефондары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы