Көрсетілген қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп
"Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ мемлекеттік қызметтердің 15 түрін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтердің барлық 15 түрі тізілімге енгізілді, стандарттар бекітілді.
01.01.2026 жылға 2197 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген-811, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген – 989, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген – 0, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу – 397.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
2025 жылғы 14 наурызда "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің ережелері мен стандарттарын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту жүргізілді, 13 қызметкер қатысты.
2025 жылғы 28 мамырда Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің инстаграм парақшасында" Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Онлайн жәрмеңке " тікелей эфирі өтті https://www.instagram.com/reel/DKL-i3Et-O1/?igsh=Y3k4dWZkNzl6aHgy.
2025 жылғы 25 маусымда Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Аманат партиясының инстаграмм парақшасында" Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Онлайн жәрмеңке " тікелей эфирін өткізді https://www.instagram.com/reel/DLUfhrDIG91/?igsh=MXNocDVwNGg0ajk1cQ.
2025 жылғы 21 тамызда Абай ауданының әлеуметтік бағдарламалар жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А.Т. Сейфуллина Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің цифрлық платформасында "мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу", "тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде скорингтік модельге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. https://www.instagram.com/reel/DNnc760sdfv/?igsh=NGQwdGo0aXY5MmZ5.
2025 жылғы 17 желтоқсанда Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің инстаграм парақшасында" Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Онлайн жәрмеңке " тікелей эфирі өтті https://www.instagram.com/reel/DSXLt9CDZLL/?igsh=MXJ4ZTRrMGVnYWoyNQ==