Бос орындар жәрмеңкесі 2022 жылдың қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға арналған 5 Бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкелерге қатысқан жұмыс берушілер саны - 145 өкіл берілген Бос орындар саны-шамамен 2600 бос жұмыс орны, жәрмеңкеге қатысушылар саны-301 адам. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 57 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 8 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 301 адам жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес алды.