Бюджеттік бағдарлама 451 002

Бюджеттік бағдарламаларды

(кіші бағдарламаларды) дайындау

және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына

және оның мазмұнының талаптарына

қосымша № 12

 

 

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА

ЖОБАСЫ

2023-2025 жылдарға

«Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 4512251

                   бюджеттік бағдарламалар администраторының атау және коды

 

Бюджеттік бағдарлама атауы мен коды: 002 «Жұмыспен қамту бағдарламасы»

Бюджеттік бағдарламаның басшысы – Шакенова А.К.,  «Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»  КММ директоры

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:

  1. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 482 Заңының 19, 20, 21, 22  бабы; ( тірк.№100975, 2020 ж.01.01. өзгерістерінін қалпы бойынша);
  2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 1 бабы 1 тармағы, тармақ 4 бабы 27,46,60 баптары; ( тірк.№96093, 2019 ж.26.12. өзгерістерінін қалпы бойынша);
  3. Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңының 31,32,37 баптары; ( тірк.№7966, 2019 ж.27.12. өзгерістерінін қалпы бойынша);
  4. «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 77-VII Заңы; ( тірк.№161746);
  5. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылдың 14 маусымындағы бұйрығымен бекітілген № 516 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру ережелері»; (тірк.№13938, 2029 ж.26.08. өзгерістерінін қалпы бойынша);

Бюджеттік бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқарудың дәрежесіне байланысты – аудандық (қалалық)

мазмұнана байланысты - мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

іске асыру әдісіне байланысты – жеке бюджеттік бағдарлама

Ағымдағы/даму –ағымдағы бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету.

Бюджеттік бағдарламаның соңғы нәтижелері: Еңбекке қабілетті АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың, жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы (ШАК еңбекке қабілетті алушыларының жалпы санында) 2023ж.-76%, 2024ж. -77,1%, 2023ж.-77,8%,  Бюджет қаражатын тиімді пайдалану 100%. Жетістік кезеңі:  2023 жылдың 31 желтоқсанына дйін, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін.Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздеме): Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға жіберу. Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын құру. 200 АЕК-ке дейін Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беру. " Алғашқы жұмыс орны " жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жұмыс іздеп жүрген адамдар, халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуіне қарамастан, жиырма тоғыз жастан аспаған жастар қатарындағы, оның ішінде NEET санатындағы жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыздар үшін жүзеге асырылады.Субсидия мөлшері айына 20 АЕК (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.       

      2023-2025 жылдарға арналған сомалардың 2021 жылға қарай ұлғаю жағына ауытқуы жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындары жалақысының ұлғаюына және ағымдағы жылы жастар практикасына бағытталған айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты.

            Бюджеттік  бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

 

өлшем бірлік

есеп беру жылы

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлық кезең

 

 

2021ж.

2022ж.

2023г.

2023ж.

2024ж.

қоғамдық жұмыстар

мың теңге

62900

87578

148000

148000

148000

әлеуметтік жұмыс орындары

мың теңге

9803

21450

3841

3841

3841

жастар тәжірибесі

мың теңге

10485

13784

11524

11524

11524

кәсіптік оқуға және қайта даярлау

мың теңге

9916

11504

 

 

 

Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған гранттар

мың теңге

35004

 

30630

 

 

 

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы

мың теңге

2129

 

15674

 

29961

 

29961

 

29961

"Ұрпақтар келісімшарты"

мың теңге

 

 

1145

 

1152

1152

1152

Барлығы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

 

 

130237

 

 

145600

 

 

194478

 

 

194478

 

 

194478

 

Бюджеттік кіші бағдарлама атауы мен коды: 100 «Қоғамдық жұмыстар»

Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

Мазмұнына байланысты - мемлекеттік басқаруды, функцияларды орындау және олардан шығатын мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету.

Ағымдағы/даму – ағымдағы бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Қоғамдық жұмыстар жұмыс берушілердің өтінімдері арқылы жұмыспен қамту ортылықтарымен құрылады. Қоғамдық жұмыстар уақытша болып табылады. Мерзімі 6 ай. Қоғамдық жүмыстарға  жұмыссыздар, студенттер және  демалыс кезінде жоғарғы сыныптар оқушылары, жұмысы тұрып қалған азаматтар қатыса алады.

Қоғамдық жұмыстарға қатысушы азаматтар жұмыспен қамту орталығының тіркеу күніне сәйкес кезек бойынша жіберіледі. Олармен әлеуметтік келісім шарт жасалады. Еңбек ақы көлемі республикалық бюджет заңы бойынша берілген қаржылық жылға анықталған ЕТЖ төмен болмайтындай орнатылады.

 Жұмыссыздар ауданды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен, жазылу копаниясын ұйымдастыру және салық жинау жұмыстарымен айналысады.

 

Тікелей қорытынды көрсеткіштері

өлшем бірлік

есеп беру жылы

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлық кезең

 

 

2021ж.

2022ж.

2023ж.

2024ж.

2025ж.

Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар саны

адам

 

117

100

100

100

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

өлшем бірлік

есеп беру жылы

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлық кезең

2021ж.

2022ж.

2023ж.

2024ж.

2025ж.

 

Барлығы  бюджеттік кіші бағдарлама бойынша

шығыстар

мың теңге

 

77500

148000

148000

148000

                 

   Бюджеттік кіші бағдарлама атауы мен коды: 028 «Облыстық бюджеттен транферттер есебінен»

Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі:

Мазмұнана байланысты - мемлекеттік басқаруды, функцияларды орындау және олардан шығатын мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету

Ағымдағы/даму – ағымдағы бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға,  бағдарлама қатысушылары ретінде 29 жасқа дейінгі жастар және жұмыссыз ретінде жұмысқа орналастыру орталықтарында тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыздар жатады.

  1. Үміткерлер Бағдарламаға қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына, білім мекемелеріне / ауылдық округ әкіміне/ қажет құжттар тізіміне сәйкес және өтінішпен тіркелуге келеді.

2.Білім мекемелері /ауылдық округ әкімдері 3 күн  ішінде Бағдарламаға қатысушылардан түскен  құжаттар мен өтініштерді жұмыспен қамту орталығына жібереді.

  1. Жұмыспен қамту орталығы екі күн ішінде құжаттарды тексеріп, аудандық комиссияға жібереді.
  2. Қысқа мерзімді оқуға білім мекемелерімен үш күн ішінде аудандық комиссия негізінде қабылдайды.
  3. Жұмыспен қамту орталықтары жұмыспен қамту қызметтерін көрсету үшін жеке меншік жұмыспен қамту агенттіктерін тартуға құқылы.

Тікелей қорытынды көрсеткіштері

өлшем бірлік

есеп беру жылы

ағымдағы жыл жоспары

 

жоспарлық кезең

 

 

 

2021ж.

2022ж.

2023ж.

2024ж.

2025ж.

Кәсіптік даярлау және қайта даярлауға жіберілген

 жұмыссыздар саны

адам

46

30

 

 

 

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

өлшем бірлік

есеп беру жылы

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлық кезең

2021

2022

2023

2024

2025

Кәсіптік даярлау және қайта даярлауға жіберілген

 жұмыссыздар бойынша шығындар

мың теңге

9916

11504

 

 

 

Барлығы  бюджеттік кіші

 бағдарлама бойынша

 шығыстар

мың теңге

9916

11504

 

 

 

Бюджеттік бағдарлама атауы мен коды: 102 «Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар»

Бюджеттік бағдарламаның түрі: Жергілікті бюджет.

Мазмұнана байланысты - мемлекеттік басқаруды, функцияларды орындау және олардан шығатын мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету

Ағымдағы/даму - ағымдағы бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Әлеуметтік жұмыс орны (ӘЖО) жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялай отырып, Жұмыспен қамту орталығымен келісім бойынша құрылады. ӘЖО - дегі жұмыс уақытша болып табылады. Ұзақтығы 12 айдан аспайды. ЖАО ӘЖО ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады, ӘЖО құруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесі, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының саны және нақты жұмыс жағдайлары, еңбекке ақы төлеу мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітіледі. Жұмыссыздардың берген өтінішіне сәйкес, жұмыспен қамту орталығы келісім берген жағдайда ӘЖО-ға жолдама береді.

ЖОО және колледж түлектері үшін жастар практикасын ұйымдастыру. ЖТ бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. ЖТ ұзақтығы 6 айдан аспайды. ЖАО ЖТ ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады, ЖТ құруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесі, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың саны, еңбекақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітіледі. Жұмыссыз келісім берген жағдайда жұмыспен қамту орталығы ЖТ-не жолдама береді. Айына субсидия мөлшері 30ЕАК құрайды.

         "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша - жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жұмыс істеп жүрген, зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналасуға жастардың, көп балалы және/немесе аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерінің, еңбекке қабілетті мүгедектердің басым құқығы бар.

"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналастырудың жалпы мерзімі кемінде 18 (он сегіз) айды құрайды, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздың еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін зейнеталды жастағы адамдардың еңбекақысын субсидиялайды. Субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі 6 ай ішінде 30 АЕК мөлшерінде.

           

Тікелей қорытынды

көрсеткіштері

өлшем бірлік

есеп беру жылы

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлық кезең

 

 

2021ж.

2022ж.

2023ж.

2024ж.

2025ж.

Әлеуметтік жұмыс

орындарына жіберілген

 азаматтар саны

адам

3

10

10

10

10

Жастар тәжірибесіне

 жіберілген азаматтар саны

адам

10

10

10

10

10

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы

адам

8

23

26

26

26

"Ұрпақтар келісімшарты"

адам

 

2

2

2

2

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

өлшем бірлік

есеп беру жылы

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлық кезең

2021ж.

2022ж.

2023ж.

2023ж.

2023ж.

әлеуметтік жұмыс

 орындары

мың теңге

297

3600

3841

3841

3841

жастар тәжірибесі

мың теңге

2234

4595

11524

11524

11524

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы

мың теңге

2129

15674

29961

29961

29961

"Ұрпақтар келісімшарты"

мың теңге

 

1145

1152

1152

1152

Барлығы  бюджеттік кіші бағдарлама бойынша

 шығыстар

мың теңге

4660

25014

46478

46478

46478

                 

Бюджеттік бағдарлама атауы мен коды: 011 «Республикалық бюджет трансферттер есебінен».

Бюджеттік бағдарламаның түрі: Республикалық бюджет.

Мазмұнана байланысты - мемлекеттік басқаруды, функцияларды орындау және олардан шығатын мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз ету.

Ағымдағы/даму - ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасын, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі гранттар. халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс беруші шығындарының бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады. Жастар практикасы білім беру ұйымдарының түлектері үшін түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында ұйымдастырылады. Қоғамдық жұмыстарды жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша халықты жұмыспен қамту орталықтары құрады. Қоғамдық жұмыстар уақытша сипатта болады. Ұзақтығы 6 айдан аспайды. Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыздар, демалыс кезінде студенттер мен жоғары сынып оқушылары, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар қатысады.

 

Тікелей қорытынды көрсеткіштері

өлшем бірлік

есеп беру жылы

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлық кезең

 

 

2021ж.

2022ж.

2023ж.

2024ж.

2025ж.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген азаматтар саны

адам

45

35

 

 

 

Жастар іс-тәжірибесіне жіберілген азаматтар саны

адам

25

20

 

 

 

Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздар саны

адам

249

14

 

 

 

Жаңа бизнес- идеяларды іске асыруға, гранттар алатын азаматтар саны  200АӘК

адам

61

50

 

 

 

Бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығыстар

өлшем бірлік

есеп беру жылы

ағымдағы жыл жоспары

жоспарлық кезең

2021ж.

2022ж.

2023ж.

2024ж.

2025ж.

Әлеуметтік жұмыс орындарына шығатын шығыстар

мың теңге

9506

17850

 

 

 

Жастар тәжірбиесіне шығатын шығыстар

мың теңге

8251

9189

 

 

 

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға бағытталған шығыстар

мың теңге

35004

15315

 

 

 

Жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға бағытталған шығыстар (жастар)

 

 

15315

 

 

 

Қоғамдық жұмыстарға шығындар

мың теңге

62900

10078

 

 

 

Барлығы  бюджеттік кіші

 бағдарлама бойынша

шығыстар

мың теңге

115661

67747

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 мая 2022