
"Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес өтініштерді қабылдауды және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді:
1) көрсетілетін қызметті берушінің;
2) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде белгіленген нысандар бойынша өтінішті (өтініштерді) және мынадай құжаттарды ұсынады:
жеке басын куәландыратын құжат( жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 1949 жылдан 1965 жылға дейінгі, 1966 жылдан 1990 жылға дейінгі кезеңдерде Семей сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар( мұрағаттық анықтамалар); еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік, негізгі орта білім туралы немесе жалпы орта білім туралы аттестат, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік (азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) не некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе некені (ерлі – зайыптылықты) бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегі өзгерген кезде); бар болса-куәлік, бұрын берілген.
Егер Семей сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұрудың заңды фактісі мен кезеңін белгілеу туралы сот шешімі ұсынылады.