
https://prz.enbek.gov.kz
Абай ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. "Жұмыс іздеушілерді тіркеу";
2. "Жұмыссыздарды тіркеу"
3. "Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру";
4. "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру";
5. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау";
6. "Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға жолдама беру".
2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде Жұмыспен қамту органдарына 1638 жұмыссыз жүгінді, оның ішінде 1462 немесе 90% жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 477 адам жұмыссыз жастар. Тұрақты жұмыс орындарына 1071 адам жұмыссыз, оның ішінде 329 адам жұмыссыз жастар жұмысқа орналастырылды. Уақытша жұмыс орындарына 401 адам, оның ішінде 148 жастар жұмысқа орналастырылды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның қатысушылары болды-мүмкіндігі шектеулі жандар арасынан 101 адам. Олардың ішінен жіберілді:
- қоғамдық жұмыстарға-18 адам
- жастар практикасына-1 адам
- әлеуметтік жұмыс орындарына-3 адам
- бос жұмыс орындарына орналастырылды – 54 адам
- грант алды-6 адам
- "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті-17 адам
– қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтті-2 адам.