«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында таза бейсенбілік жұмыстары жүргізілді.
Мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
📌Іс-шараның мақсаты:
Елді мекеннің тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.
#тазақазақстан#тазаауыл#ақсуаюлышетауданы
Ұлттық киім күні – халқымыздың мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын дәріптейтін маңызды күн.
Ұлттық киім – ата-бабамыздың тарихы мен дәстүрінің көрінісі, ұлттың бірегейлігін айқындайтын асыл қазына.
Бүгінгі күні ұлттық киім арқылы біз өз тамырымызды танып, болашақ ұрпаққа өнеге көрсетеміз.
Баршаңызды Ұлттық киім күнімен құттықтаймыз!
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықтала берсін!
#наурызнама 2026 #DigitalNauryz #UlyDalaNauryz
Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ-нің әлеуметтік қызметкерлері Сұлтанбаева Меруерт Аманжолқызы мен Бейсембекова Нұргүл Тұрғалықызы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күні болып белгіленуіне орай Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан жалғызбасты ана, аз қамтылған отбасына әлеуметтік қолдау көрсетіліп, азық-түлік себеті табысталды.
Аталған шараның мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау білдіріп, қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын насихаттау.
Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасы аумағында жалғыз тұрғын үйі бар отбасыларға (азаматтарға) тағайындалады. Егер тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық және байланыс қызметтерін төлеуге жұмсалатын шығындар отбасының жиынтық табысының 5%-нан асатын болса, тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар.
Тұрғын үй көмегі өткен тоқсан үшін тағайындалады.
Құжаттарды:
Қосымша ақпаратты Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады.
Байланыс телефоны: 871031/21180