GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 октября 2026
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР МЕН ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу бойынша сұрақтарыңыз бар ма? Әлеуметтік жәрдемақылардың жекелеген түрлерін ұсыну тәртібіндегі өзгерістер туралы білгіңіз келе ме немесе Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) бойынша түсіндірме алғыңыз келе ме?

📞 Жедел желіге хабарласыңыздар!

☎️ 1414 — Қазақстан Республикасы бойынша Бірыңғай байланыс орталығы, тәулік бойы.

☎️ 109 — Ақмола облысы бойынша iKomek бірыңғай байланыс орталығы.

☎️ 8 (7162) 25-11-42 — Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.

☎️ 8 (7162) 90-10-21 — Ақмола облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» (МӘСҚ) АҚ, сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін.

☎️ 8 (7162) 29-86-45 — Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.

Қалалық және аудандық бөлімдердің байланыс телефондары
Қалалар

  • Қоқшетау қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

☎️ 8 (7162) 29-81-24.

  • Степногорск қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

☎️ 8 (71645) 5-97-18.

  • Қосшы қ. — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:

☎️ 8 (7172) 60-77-92.

Ақмола облысының аудандары
• Ақкөл ауданы —
☎️ 8 (71638) 5-51-02 (ЖҚәӘББ).
• Аршалы ауданы —
☎️ 8 (71644) 2-22-12 (ЖҚәӘББ).
• Атбасар ауданы —
☎️ 8 (71643) 5-61-42 (ЖҚәӘББ).
• Астрахан ауданы —
☎️ 8 (71641) 2-20-30 (ЖҚәӘББ).
• Бұланды ауданы —
☎️ 8 (71646) 2-26-58 (ЖҚәӘББ).
• Бурабай ауданы —
☎️ 8 (71636) 4-29-11 (ЖҚәӘББ).
• Біржан сал ауданы —
☎️ 8 (71639) 2-21-29 (ЖҚәӘББ).
• Есіл ауданы —
☎️ 8 (71647) 2-17-69 (ЖҚәӘББ).
• Егіндікөл ауданы —
☎️ 8 (71642) 2-11-31 (ЖҚәӘББ).
• Ерейментау ауданы —
☎️ 8 (71633) 2-19-64 (ЖҚәӘББ).
• Жақсы ауданы —
☎️ 8 (71635) 2-16-02 (ЖҚәӘББ).
• Жарқайың ауданы —
☎️ 8 (71648) 9-23-08 (ЖҚәӘББ).
• Зеренді ауданы —
☎️ 8 (71632) 2-11-71 (ЖҚәӘББ).
• Қорғалжын ауданы —
☎️ 8 (71637) 2-23-99 (ЖҚәӘББ).
• Сандықтау ауданы —
☎️ 8 (71640) 9-17-27 (ЖҚәӘББ).
• Целиноград ауданы —
☎️ 8 (71651) 3-04-80 (ЖҚәӘББ).
• Шортанды ауданы —
☎️ 8 (71631) 2-00-11 (ЖҚәӘББ).

 

🤝 Құрметті тұрғындар! Мамандар сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге, қажетті түсіндірмелерді ұсынуға және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен алу тәртібіне, сондай-ақ Отбасының цифрлық картасы мәселелеріне қатысты көмектесуге дайын.

 

 

08 октября 2026
Көкшетау қаласында әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті

2026 жылғы 7 қазанда Көкшетау қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары А. Б. Нүгертаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өтті.

Отырыстың басында қала әкімінің орынбасары бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған кәсіпорындарды құттықтады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығын атап өткен А. Б. Нүгертаева кәсіпорындардың тұрақты даму, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріндегі белсенді ұстанымын атап өтті.

Қала әкімінің алғыс хаттары мен естелік кубоктары келесі кәсіпорындарға табысталды: «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша — «Гормолзавод» ЖШС, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша — «Асыл Арман» ЖШС, «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша — «Камаз Инжиниринг» АҚ.

Сонымен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Көкшетау қаласының әкімі А. К. Кумпекеевтің атынан алғыс хаттарымен «Aqmola beton industry» ЖШС директоры Ф. М. Жұмабеков, «Көкшетау Инвест» ЖШС директоры А. А. Князюк, «Көкшетау Инвест» ЖШС менеджері Е. А. Воронцова, «Эко Dump» ЖШС механизаторы А. С. Ширмер, «Мукеева» ЖК директоры Ж. Н. Мукеева марапатталды.

Марапаттарды табыстау кәсіпорындар мен жұмыскерлердің қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға қосқан елеулі үлесінің мойындалуы болды.

Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, Мемлекеттік кірістер басқармасының, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының өкілдері, әлеуметтік әріптестік тараптары мен Көкшетау қаласының жұмыс берушілері қатысты.

 

Отырыс барысында еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, ұжымдық шарттарға мониторинг жүргізу және оларды цифрландыру, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуға, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға және жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Қалалық комиссияның жұмысы мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ Көкшетау қаласында қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

08 октября 2026
Кибергигиена

2026 жылғы 7 қазанда мүгедектігі бар адамдар күніне арналған іс-шаралар аясында мүгедектігі бар азаматтар үшін «Кибергигиена» тақырыбында танымдық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға қоғамдық Wi-Fi желілерін қауіпсіз пайдалану ережелері, құпия сөздерді үнемі ауыстырып отырудың маңыздылығы, сондай-ақ интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлерін анықтау жолдары туралы ақпарат берілді.

Қатысушылар цифрлық ортада қауіпсіз әрекет ету бойынша пайдалы ақпарат пен практикалық ұсынымдар алды.

07 октября 2026
Көкшетау қаласында консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

6 октября 2026 года в здании ГУ «Аппарат акима города Кокшетау» состоялось заседание консультативно-совещательного органа по содействию деятельности учреждений, исполняющих уголовные наказания и иные меры уголовно-правового воздействия, а также по организации социальной и иной помощи лицам, отбывшим уголовные наказания.

В заседании приняли участие представители прокуратуры города Кокшетау, учреждений Департамента уголовно-исполнительной системы по Акмолинской области, Центра социальной адаптации города Кокшетау, а также лица, состоящие на учете в службе пробации и в отделе общественной безопасности Управлении полиции города Кокшетау.

В ходе заседания рассмотрены вопросы ресоциализации лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в том числе основные проблемы и пути их решения, вопросы медицинского обеспечения в учреждениях уголовно-исполнительной системы, а также трудоустройства данной категории лиц.

По итогам заседания принято решение усилить индивидуальную профилактическую работу с лицами, состоящими на учете в службе пробации, а также с лицами, освобожденными из мест лишения свободы, в целях предупреждения совершения повторных правонарушений.

По результатам рассмотрения указанных вопросов уполномоченным государственным органам и организациям даны соответствующие рекомендации.

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік серіктестік
28 сентября 2026
Көкшетау қаласында еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

2026 жылғы 24 қыркүйекте Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нугертаеваның төрағалығымен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері, сондай-ақ Ақмола облысының «Бірлік» жергілікті кәсіподағының төрағасы қатысты. Олар еңбекті қорғау, жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері бойынша өзекті баяндамалар жасады.

Семинар барысында жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттануды тиімді бақылау және алдын алуды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмысты жетілдірудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара аясында «BI Group» құрылыс нысанына бару ұйымдастырылды. Қатысушылар нысанда жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралармен, еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырумен танысты. Сонымен қатар қосымша назар аударуды және жетілдіруді талап ететін практикалық мәселелер талқыланды.

Мұндай іс-шаралар практикалық тәжірибе алмасуға, қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға және кәсіпорындардағы еңбекті қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

04 сентября 2026
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары

2026 жылғы 2 қыркүйекте бейнеконференцбайланыс арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлеріне «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ маманы 2026 жылғы 3 шілдедегі №345 «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы бойынша түсіндірме берді.

31 июля 2026
Көкшетауда пробация есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және жұмыспен қамту мәселелері бойынша кездесу өтті.

2026 жылғы 30 шілдеде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробациялық есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қала прокуратурасы, пробация қызметі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімделу орталығы және Көкшетау қаласының мансап орталығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында атталған санаттағы азаматтармен сауалнама жүргізілді, оларға жұмысқа орналасу үшін бос жұмыс орындар ұсынылды. Сондай-ақ, мұқтаж адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

30 июля 2026
Жаңа жұмыс орындарын құру және бос жұмыс орындары туралы ақпаратты өзектендіру жұмыс берушілермен өткен кездесулердің басты тақырыптарына айналды.

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мамандары қаладағы кәсіпорындарға барып, жұмыс берушілермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мамандар жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын түсіндіріп, бұл Ұлттық жобалар мен Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын іске асырудың маңызды көрсеткіштерінің бірі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жұмыс берушілерге «Электрондық еңбек биржасы» порталында бос жұмыс орындарын нақты жалақы мөлшерін көрсете отырып орналастыру қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ портал арқылы жұмыс іздеушілердің «үн қатулары» негізінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау тәртібі түсіндірілді. Кездесу соңында жұмыс берушілерге кадрларды тиімді іріктеу үшін бос жұмыс орындары туралы ақпаратты уақтылы жаңартып отыру ұсынылды.

 

08 июля 2026
Жұмыс тобы балалар еңбегі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру рейдін өткізді.

 

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 24 маусымдағы әлеуметтік әріптестік,еңбек және әлеуметтік қатынастарын реттеу бойынша қалалық комиссия отырысының хаттамасы орындау мақсатында балалар еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізу үшін жұмыс тобын құрды.

Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік мекемесінің, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің, Көкшетау қаласы Полиция басқармасының (ювеналдық полиция), сондай-ақ Көкшетау қаласы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының өкілдері кірді.

2026 жылғы 03 шілдеде жұмыс тобы қалалық саябақта болып, жасөспірімдерге олардың еңбек құқықтары мен ресми жұмысқа орналасу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жұмыс берушілермен кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдау кезінде еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға қатысушылардың барлығына ақпараттық буклеттер таратылды.

 

03 июля 2026
Көкшетауда пробациялық есепте тұрған азаматтар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кездесу өтті.

2026 жылғы 2 шілдеде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробациялық есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында пробация қызметі, қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, Көкшетау қалалық әлеуметтік бейімделу орталығы және Көкшетау қаласының мансап орталығы өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында атталған санаттағы азаматтармен сауалнама жүргізілді, оларға жұмысқа орналасу үшін бос жұмыс орындар ұсынылды. Сондай-ақ, мұқтаж адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы