Жұмыспен қамту және әлеуметтік әріптестік секторы
Ай сайын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жұмысқа орналасу, әлеуметтік және тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша кездесулер өткізіледі. Жыл басынан бері 12 кездесу өткізіліп, 74 адам қатысты (14 ақпан, 29 наурыз, 29.04.,30.04.,02.05.,03.05.,06.05., 13.05., 17.05.,24. 05., 05.07., 19.07.).
Көкшетау қаласының кәсіпорындарына барып, ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының санынан 2%-дан 4% - ға дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталында Бос орындар мен еңбек шарттарын орналастыру бойынша қала кәсіпорындарымен ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жыл басынан бері әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның 3 отырысы өткізілді.
2024 жылға арналған Ұлттық жобалар мен Тұжырымдама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру бойынша мониторинг жүргізіледі. 2024 жылдың 22.02., 2024 жылдың 28.05. Көкшетау қаласы бойынша 2024 жылға арналған Ұлттық жобалар мен Тұжырымдама шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі бағдарламалар әкімшілерімен кеңес өткізілді. Бағдарлама әкімшілеріне бірнеше рет хаттар жолданды.
19.03., 23.07. 2024 жылы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші орган консультативтік-кеңесші органының қылмыстық жазаларды және отырысы өткізілді.
Красный Яр ауылдық округі, Станционный кенті әкімдерінің, Көкшетау қаласының ЖПҚ, көші - қон қызметі бөлімінің бастығының қатысуымен қалалық штабтың 6 отырысы өткізілді, онда штабтың барлық мүшелеріне және Көкшетау қаласының сақтандырылмаған тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде аулаларды аралауды ұйымдастыруға жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.
Көкшетау қаласының әкімдігі мен қала кәсіпорындары арасында «Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша меморандумдарға қол қою бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстары жалғасуда. 750 меморандум жасалды.
Әлеуметтік төлемдер бойынша берешектері бар Көкшетау қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарына хаттарды дайындау және тарату бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жұмыстан босатылған қызметкерлерге, толық емес жұмыс күніне және Көкшетау қаласының кәсіпорындарында жалақы бойынша берешектерге мониторинг жүргіледі.
Меншік нысанына қарамастан, қаланың жасалмаған кәсіпорындарымен және ұйымдарымен ұжымдық шарттарды жасасу және мерзімдерін ұзарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының төмендеуіне жол бермеу бойынша КТҚСМ, МӘСҚ және жергілікті атқарушы органдардың бекітілген өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес мәліметтер жиналады.
Қызметкерлерге жалақы бойынша берешегін мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Ақмола облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының Көкшетау қаласы бойынша ұсынған мәліметтері бойынша жеке сот орындаушыларының өндірісінде жалпы сомасы 40,6 млн.теңгеге еңбекақы бойынша берешек бар:
- «ALTEKO AGRO» ЖШС – 3,6 млн.теңге, 1 жұмысшы;
- «Альфа-Газ-Көкше» ЖШС – 37,0 млн.теңге, 10 жұмысшы.
Бұл берешектер «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтеледі.
Қазіргі кезде жеке сот орындаушылары берешекті өндіріп алу бойынша жұмыстарды жүргізуде.
«Парыз» және «Еңбек жолы» республикалық байқауына қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу» мемлекеттік қызметі көрсетілді. Барлығы 1682, оның 1334 мақұлданды (348 ұзарту, 986 беру), 348 (70 ұзарту, 243 беру) бас тартылды.