2024 жылға тұрғын үй көмегін төлеуге 16,2 млн. теңге бөлінді.
360-тан астам адам тұрғын үй көмегі бойынша кеңес алды, 295-нан астам адамның құжаттары қаралды. Оның ішінде 233 өтінімбойынша оң шешім. 2024 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша 189 отбасы үшін 10,5 млн.теңге сомасында оның ішінде 290 адам тағайындалды, 189 отбасына тұрғын үй көмегі төленді, оның ішінде 290 адам 10,3 млн. теңге сомасына.
"Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" 08.12.2023 жылғы №117 бұйрықтың заңды күшіне енуіне байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру үшін "Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" мәслихат шешімінің жобасы әзірленді.Жоба депутаттармен мақұлданды, 28.05.2024 жылы мәслихаттың №С-12/8 шешімі қабылданды, 29.05.2024 жылы Әділет департаментінде №8757-03 болып тіркелді.
Түсіндіру мақсатында мемлекеттік органның, әкімдіктің инстаграмында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат бірнеше рет орналастырылды.
2024 жылға тұрғын үй сертификаттарын беруге 130 азамат үшін 130,0 млн.теңге бөлінді. 1 тамызға қаржыландыру жоспарына сәйкес 55 тұрғын үй сертификаты берілді. Ағымдағы жылдың соңына дейін 75 тұрғын үй сертификатын беру жоспарлануда.
Көкшетау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 сәуірдегі №С-33/4 «Көкшетау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне сәйкес жиынтық тізімдер негізінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 2024 жылға жалпы сомасы 19,5 млн.теңгеге Көкшетау қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының 388 маманына Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету жоспарланған. Қаржыландыру жоспарына сәйкес әлеуметтік қолдау көрсету 2024 жылдың қазан айында көзделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.02.2006 жылғы № 110 қаулысына сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі. Жыл басынан бері Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерді тану, біржолғы өтемақы төлеу, куәліктер, оның ішінде куәліктің телнұсқасын алу мәселелері бойынша 30-дан астам үміткерге түсініктеме берілді. Арнайы комиссияның 5 отырысы өткізілді. Жыл басынан бері қызмет 5 көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілді: Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен деп танылды - 5, біржолғы өтемақы төлеу үшін Ақмола облысы филиалының МКҚК - на 5 іс макеті берілді, 3 куәлік, оның ішінде 0-куәліктің телнұсқасы берілді.
Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары 26.07.2024 жылғы бөліммен бірлесіп қала халқының әлеуметтік осал топтарына тегін заңгерлік кеңес өткізді. 20-дан астам азамат білікті кеңес алды.
01.08.2024 жылғы жағдай бойынша 198өтініш, 2153 кіріс хат-хабар, 1947 шығыс хат-хабар,99 ішкі құжат тіркелген. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Бақылау және мониторингілеу, сондай-ақ кіріс хат-хабарларға атқарушылық тәртіпті бақылау күнделікті негізде жүргізіледі.
Инстаграмның әлеуметтік желісінде @aleumettik.bagdarlamalar мемлекеттік органның жүргізіп жатқан жұмысы туралы материалдар жарияланады. 2024 жылы әлеуметтік желілерде түсіндірме сипаттағы 59 материал жарияланды.Сондай-ақ, бөлімнің жүргізіліп жатқан жұмысы туралы Мемлекеттік органның ресми сайтында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
"Көкшетау қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі" ММ 19 Мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1.Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу
2.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
3.Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
4.Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектердің жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
5.Мүгедектерді есту бойынша мүгедектерге жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу – жылына алпыс сағат
6.Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру.
7.Тұрғын үй көмегін тағайындау.
8.Тұрғын үй сертификаттарын беру
9.Ақталғанадамға куәлік беру
10.Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
11.Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
12.Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу
14.Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу
15.Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда)арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу
16.Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу.
2024 жылы-8757, оның ішінде:
оның ішінде МК - 1830, ЭҮП арқылы - 2433, мемлекеттік орган арқылы қағаз нысанда–46, электрондық түрде көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 382, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 3972.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу-жоқ.
Мемлекеттік қызметтер ғимараттың 1 қабатында орналасқан операциялық залда көрсетіледі. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қозғалуына ыңғайлы болу үшін арнайы құралдармен жабдықталған пандус, шақыру түймесі, санитарлық бөлме бар.
Көрсетілетін қызметтер бойынша барлық ақпарат, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну мүмкіндігі туралы ақпарат 1-қабаттағы операциялық залда жүгіртпе жолда орналастырылған, бейнероликтер, сондай-ақ Көкшетау қаласы әкімінің және мемлекеттік органның сайтында, инстаграмда көрсетіледі. Сондай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы орнатылған, онда көрсетілетін қызметті алушылар ЭЦҚ немесе ұялы телефонды E-gov порталына байланыстыру кезінде бір реттік пароль арқылы электрондық мемлекеттік қызметті пайдалана алады және ала алады.