Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
11-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, туберкулез, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
11-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жан басына шаққандағы орташа табысты ескере отырып, жылына 1 рет:
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамдарға (отбасыларға) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».