«Көкшетау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы
№ С-12/8 Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Көкшетау қаласы мәслихатының шешімінің жобасына
ПРЕСС-РЕЛИЗ
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Көкшетау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № С-12/8 «Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Көкшетау қаласы мәслихатының шешімінің жобасынәзірледі(бұдан әрі – шешім жобасы).
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Шешім жобасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Осылайша, шешім жобасын қабылдау тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі айқындау үшін қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.
Шешім жобасы 2025 жылдың 26 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және «Көкшетау қаласының жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында орналастырылды.
Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sobes-kokshetau-akmo/documents/details/888428?lang=kk