Көкшетау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № С-12/8«Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Көкшетау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы
№ С-12/8«Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

1.«Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Көкшетау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № С-12/8 (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 мамырда № 8757-03 болып тіркелді) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:

1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір адамға он бес текше метрден аспайды;

2) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:

бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;

бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;

3) тұтынушыларға арналған жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары бір адамға айына нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды;

4) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;

5) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;

6) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;

7) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды.

Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр қабылданады, жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы отыз шаршы метр болып қабылданады.»;

7 тармагы жаңа редакцияда жазылсын:

«Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері өтемақысы бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды.».

  1. Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Должность

 

ФИО

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкшетау қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 мамырдағы № С-12/8«Көкшетау қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
26 августа 2025