«Көкшетау қаласында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Көкшетау қаласы мәслихатының шешім жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Көкшетау қаласында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Көкшетау қаласы мәслихатының шешім жобасына

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Көкшетау қаласында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы»Көкшетау қаласы мәслихатының шешім жобасын әзірледі (бұдан әрі – шешім жобасы).

Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.

Шешім жобасы «Тұрғын үй қатынастары туралы»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес әзірленді.

Осылайша, шешім жобасын қабылдау тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру үшін қажет.

Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.

Шешім жобасы 2025 жылдың 26 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және «Көкшетау қаласының жұмыспен қамтужәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сайтында орналастырылды.

Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.

Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді:

https://www.gov.kz/memleket/entities/sobes-kokshetau-akmo/documents/details/888381?lang=kk

«Көкшетау қаласында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Көкшетау қаласы мәслихатының шешім жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ
Дата публикации
26 августа 2025