Көкшетау қаласында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2 бабының 10-33) тармақшасына, 10-8 бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабының 6 тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 1 параграфының 4 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашкы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қаласы
мәслихатының
____________________________
шешіміне 1 қосымша
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
- 1 (бір) миллион теңге мемлекеттік қолдау шарасыретінде.
Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне.
- Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне.
- Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне.
- Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға.
- Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға.
- Жесір әйелдер (тұл ер адамдар).
- «Алтын алқа, “Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға.
- Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады.
- Толық емес отбасылар.
Көкшетау қаласы
мәслихатының
____________________________
шешіміне 2 қосымша
Көкшетау қаласы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
- Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы № 49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 тіркелген).