«ПАРЫЗ-2025!» республикалық конкурсы
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «ПАРЫЗ-2025!» республикалық конкурсына қатысыңыздар!
«Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қала кәсіпорындарын Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «ПАРЫЗ-2025!» республикалық конкурсына қатысуға шақырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығымен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелері бекітілді. Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысу тегін болып табылады. Үміткерлерді іріктеу процессінің ашықтығын, өтінімдерді қабылдауды оңтайландыруды қамтамасыз ету үшін конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және жергілікті атқарушы органдарға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиясы өтінімдері бойынша алдын ала жасаған қорытындыларын конкурс лауреттары атағын тағайындау туралы шешім қабылдайтын республикалық комиссияның зерделеуіне жолдайды.
Конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
«Үздік ұжымдық шарт».
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
«Экологияға қосқан үлесі үшін».
Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі. Конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайын, салтанатты жағдайда желтоқсан айында өткізіледі.
Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;
Үміткердің есебінде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін.
Толық ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайтынан немесе Көкшетау қаласы Шалқар көшесі 9 А үй мекенжайында орналасқан «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ алуға болады. Байланыс телефоны 298110, 298737, 298140.