Құрметті Көкшетау қаласының жұмыс берушілері!
Сіздерді үздік еңбек әулеттерін, өндірістің жас қызметкерлерін және жұмыс істейтін жастардың тәлімгерлерін анықтауға бағытталған жыл сайынғы «Еңбек Жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз.
Байқау үш номинациядан тұрады:
Үздік еңбек әулеті – бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері – бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.
Өндірістің үздік жас маманы – бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделген үміткерлердің материалдары Көкшетау қаласы, Шалқар көшесі, 9А, тел.29-81-37,29-81-10 мекенжайы бойынша қабылданады.
Еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлерді сондай-ақ олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.