Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.»;
11-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 және 7-баптарында көрсетілген адамдарға, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда және де Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасының он бірінші абзацында көрсетілген адамдарды және абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емделуге қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;»;
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген адамдарды және жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні