Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Көкшетау қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № С-8/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8654-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет, 2 жылда 1 рет) көрсетіледі.»;

7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«4) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

11-тармақтың 1) тармақшасының  жетінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6 және 7-баптарында көрсетілген адамдарға, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын-сүргіндерге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасының он бірінші абзацында көрсетілген  адамдарды және абилитация мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;»;

11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

«Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген адамдарды және жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторий-курорттық емделуге жолдаманың құнын бір бөлігін өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде 2 жылда бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

Дата публикации
25 февраля 2025