Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27595 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
|
|
|
|
|
|
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 № 288 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) еңбекші көшіп келушілер – еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) мақсатында Қазақстан Республикасына үй қызметкері ретінде келген көшіп келушілер;
2) еңбекші көшіп келушіге рұқсат – жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;
3) жұмыс берушіжеке тұлға – үй шаруашылығында жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіні тартатын тұлға;
4) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге жеке тұлғаға тартуға рұқсат етілген шетелдік жұмыс күшінің рұқсат етілетін шекті саны.
2-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу тәртібі
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "ХҚКО" ИАЖ) электрондық өтінімді ресімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ШЖК ААЖ) жібереді.
1) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарда көзделген құжаттардың;
2) Мемлекеттік корпорациядан алынған паспорт деректері мен мәліметтері бар өтініш мазмұнының;
3) шетелдік азаматтығының "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға;
4) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 5-тармағында көзделген шарттарға;
5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 360-бабының 2-тармағына немесе 658-бабының 5-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем сомасының сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асырады.
Рұқсат алуға арналған құжаттар көрсетілген осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен беріледі.
3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам), егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
4-тарау. Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі
|
|
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат |
|
|
Нысан |
|
|
қайда |
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру/ұзарту туралы өтініш
Сізден __________________________________________________________
(облыс/республикалық маңызы бар қала, көше, үй, пәтер)
мекенжай бойынша жұмыс беруші жеке тұлғаның (бұдан әрі – жұмыс беруші) үй шаруашылығында үй жұмыскері ретінде жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) үшін ____ айға (айларға) еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруді/ұзартуды (қажет емесін сызып тастау) сұраймын.
Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
________________________________________________________________
(азаматтығы, тұрақты тұратын жері бойынша толық мекенжай, ел, облыс, қала,
аудан, кент, көше, үй, телефон, оның ішінде ұялы телефон нөмірі көрсетіледі)
(отбасылық жағдайы, жұбайының анықтама деректері/және (тегі, аты және әкесінің аты
(бар болса), туған жылы, балалар саны, үй телефон нөмірі көрсетіледі)
_____________________________________________________________________
(қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон нөмірі)
Қазақстан Республикасының көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық туралы хабардармын.
"Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
________________________ ________ 20__ ж. "____"_____________
Т.А.Ә. (бар болса) қолы
Мен ___________________________________________________________
жұмыс берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
_______________________________________________________________
туған жылы, ЖСН
_______________________________________________________________
(шетелдіктің Т.А.Ә. (бар болса), азаматтығы)
оларға тиісті рұқсат алғаннан кейін үй шаруашылығына еңбекші көшіп келуші ретінде тартуға ниеттенудемін.
_____________________________________________________________________
(қала, аудан, көше, үй, пәтер, телефон, оның ішінде ұялы телефон нөмірі).
қабылдауды жоспарлап отырған кәсіп
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
Шетелдіктерді www.eqonaq.kz веб-сайты және визалық-көші-қон порталынің (www.vmp.gov.kz) көмегімен "e-Qonag" ақпараттық жүйесі арқылы хабардар етуге міндеттенемін.
Қазақстан Республикасының көші-қон және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар.
"Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
______________________________ ____________ 20__ж. "___"_______
жұмыс берушінің Т.А.Ә. (бар болса) қолы
|
|
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат |
|
|
Нысан |
"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүзеге асырылады. |
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Мемлекеттік корпорацияға қажетті құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – өтініш түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут; портал арқылы жүгінген кезде – 30 (отыз) минут. Қажетті құжаттар топтамасын портал арқылы тапсырған күннен бастап өтініш түскен күнді есептемегенде 2 (екі) жұмыс күні. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (толық автоматтандырылған)/қағаз түрінде |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. www.egov.kz немесе www.migration.enbek.kz порталдарында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі. Мемлекеттік қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жұмыс берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Еңбекші көшіп келушіге мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін (жұмыс беруші-жеке тұлға (бұдан әрі – жұмыс беруші) жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде заңнамаға (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) Қабылдау жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады. Портал арқылы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында – www.gov4c.kz; 2) Порталда – www.egov.kz; 3) www.migration.enbek.kz. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 1. Рұқсат алу кезінде: Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: 1) шетелдік пен жұмыс беруші қол қойған еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш (өтініштің көшірмесі беріледі); 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (сканерленгеннен кейін қабылдау күні мен Мемлекеттік корпорацияның мекенжайы көрсетілген түбіртектің қабылданғаны туралы белгілеп, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); 3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); 4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама) (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); 6) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде: 1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы өтініш; 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері; 3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың электрондық көшірмесі; 4) шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның, көшіп-қонушының, еңбекші-көшіп-қонушының (оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттен) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі (берілген күні 12 айдан аспайтын 028/Е нысанындағы медициналық анықтама); 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "бірыңғай сақтандыру деректер базасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі; 6) жұмыс беруші – жеке тұлға мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісімнің электрондық көшірмесі; 2. Рұқсатты ұзарту үшін: Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрған жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: 1) жұмыс беруші мен шетелдік қол қойған еңбекші көшіп келушіге рұқсатты ұзарту туралы өтініш; 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртек (сканерленгеннен кейін қызметті алушыға қайтарылады); 3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжат (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандыру (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); 5) жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шарты (сканерленгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады); Рұқсат беруге www.egov.kz порталы немесе www.migration.enbek.kz арқылы жүгінген кезде: 1) еңбекші көшіп келуші мен жұмыс берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған еңбекші көшіп келушіге рұқсат ұзарту туралы өтініш; 2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төленгені туралы түбіртектің электрондық көшірмелері; 3) соңғы 12 айда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы белгісі бар төлқұжаттың нотариат куәландырған көшірмесі; 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шарттарда шұғыл түрде стационарлық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті және мамандандырылған медициналық көмекті жабатын, қолданылу мерзімі өтініште көрсетілген және "Бірыңғай сақтандыру дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мерзімнен кем болмайтын жүктелген медициналық сақтандырудың электрондық көшірмесі; 5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған Қазақстан Республикасында жұмыс берушімен еңбек шартының электрондық көшірмесі. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту кезінде: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы; 4) шетелдік азаматтығының "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкес келмеуі; 5) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-2-бабының 5-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келмеуі; 6) жеке табыс салығы бойынша төлем болу аумағына сәйкес келмейтін мемлекеттік кірістер органдарына төленген; 7) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 360-бабының 2-тармағында немесе 658-бабының 5-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем сомасының сәйкес келмеуі; 8) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы; 9) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы. |
|
10 |
Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы немесе порталдағы "жеке кабинет" арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар; 2) физикалық мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, ғимараттарға кіреберістер пандустармен жабдықталған, күтуге арналған креслолар бар; 3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары 1414, 8-800-080-7777. 4) көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде, оның мемлекеттік көрсетілетін қызметті www.egov.kz немесе www.migration.enbek.kz порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар |
|
|
Еңбекші көшіп келушіге |
|
|
Нысан |
Қазақстан Республикасында жұмыс беруші-жеке тұлғамен еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім
|
|
20__ жылғы "____"___________ |
Бұдан әрі "1-тарап" деп аталатын жұмыс беруші (жеке тұлға)
____________________________________________
(Т.А.Ә.)
(жеке басын куәландыратын құжат № ____ 20__жылғы "___"_____, _________ берген)
бір тараптан және бұдан әрі "2-тарап" деп аталатын жұмыскер ____________________
________________________________________,
(Т.А.Ә.)
(паспорт сериясы _______ 20__жылғы "_____"________, __________берген) екінші тараптан, 2-тарап Қазақстан Республикасына кірген кезде мынадай талаптарды көздейтін еңбек шартын жасасу туралы ниетке қол қоюға келісті:
(кәсіптің атауы)
қабылданады;
Ескертпе: Осы Келісім шетелдіктің Қазақстан Республикасына келуіне негіз болып табылмайды.
Тараптардың деректемелері және басқа да мәліметтер:
|
1-тарап |
2-тарап |
|
_____________________________________ (Т.А.Ә.) |
____________________________________ (Т.А.Ә.) |
|
ЖСН_________________________________ |
ЖСН (бар болса)_____________________ |
|
Тіркеу мекенжайы _____________________ |
Тіркеу мекенжайы ____________________ |
|
Телефон:______________________________ |
Телефон:_____________________________ |
Қолы _________________ Қолы _________________
|
|
Еңбекші көшіп келушіге |
|
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, сіз мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты Сізге "Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартылады, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
________________________________________________________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болса)
____________________________________________________ (қолы)
Қабылдады: ______________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса), қолы
20__ жылғы "___" ________
|
|
Еңбекші көшіп келушіге |
|
|
Нысан |
Жұмыс беруші жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға ЕҢБЕКШІ КӨШІП КЕЛУШІГЕ РҰҚСАТ № < Рұқсат нөмірі >
(ұзартылатын рұқсат нөмірі: №___________________)
Т.А.Ә.: <тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) латын әліпбиінде > төлқұжат №: < төлқұжаттың сериясы және нөмірі > азаматтығы: < азаматтығы > ЖСН: < ЖСН нөмірі >
ЖҰМЫС БЕРУШІ-ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА үй шаруашылығында ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ бастап <басталу күні> дейін <аяқталу күні>
Өңір (облыс/республикалық маңызы бар қала, астана _____________
_______________________________________________________________
______________________________________________________________
Еңбекші көшіп келушінің ұлттық төлқұжатын көрсеткен кезде жарамды
Рұқсат берген уәкілетті органның атауы:___________________
_____________________________________________________________________
Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса)
Рұқсат берілген күні: КК/АА/ЖЖЖЖ
|
|
Еңбекші көшіп келушіге |
|
|
Нысан |
|
|
қайда _______________________ |
Еңбекші көшіп келушімен еңбек шартын бұзу туралы ХАБАРЛАМА
Мен ___________________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН
20__жылғы "____" __________ № _____ рұқсаттың негізінде жұмыс істеген
еңбекші көшіп келуші ______________________________________________
Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН
20__жылғы "___" ________ бастап еңбек шарты тоқтатылғаны туралы
хабарлаймын.
________________________________________________ ______________
(жұмыс беруші жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) қолы
20__ жылғы "__" _______.
|
|
Еңбекші көшіп келушіге |
|
|
Нысан |
"Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік қызметін көрсетуден БАС ТАРТУ
Т.А.Ә: <тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) латын әліпбиінде> төлқұжат №: < төлқұжат сериясы және нөмірі> азаматтық: < азаматтық>
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДА ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА РҰҚСАТ БЕРУДЕН БАС ТАРТЫЛДЫ ("Мемлекеттік қызметтер туралы" ҚР Заңының 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес)
<Негіз> ________________________________________________________
<мемлекеттік қызметтен бас тартудың толық сипаттамасы> ____________
________________________________________________________________
Рұқсат берген уәкілетті органның атауы:_____________________________
Күні: <берілген күні>
|
|
Еңбекші көшіп келушіге |
|
|
Нысан |
|
|
Кімге _____________________ |
Еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсатты кері қайтарып алу туралы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат
беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) 36 және 37-тармақтарына
сәйкес 20___ жылғы "___"_________ берілген рұқсатты
_______________________________________________________________________
(аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының атауы)
қайтарып алды.
Жұмыс беруші-жеке тұлғаның үй шаруашылығындағы жұмыстарға (қызметтер көрсетуге) қатысы жоқ еңбек қызметін жүзеге асыруыңызға байланысты рұқсатты кері қайтарып алу негізінде Сізге Қазақстан Республикасында уақытша болу мерзімі 20__ жылғы "____" ____________ дейін қысқартылды.
Осыған байланысты, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін Сізге жоғарыда көрсетілген күннен кешіктірмей шығу керек.
_________________________________ ________________________
(жергілікті атқарушы орган (Т.А.Ә. (бар болса)
басшысы лауазымының атауы)
|
|
Еңбекші көшіп келушіге |
|
|
Нысан |
|
|
қайда_______________________ |
Еңбекші көшіп келушіге берілген қайтарып алынған рұқсат туралы АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) 39-тармағына сәйкес Қағидалардың 36-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының атауы) рұқсатты кері қайтарып алуы негізінде (жұмыс беруші жеке тұлға (тұлғалардың) үй шаруашылығындағы жұмыстарға (қызмет көрсетуге) қатысы жоқ еңбек қызметін жүзеге асыруға байланысты) еңбекші көшіп келуші (келушілер):
___________________________________________________________________________ (еңбек көшіп келушінің (келушілердің) деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
төлқұжаттың деректері (нөмірі, берілген күні), рұқсат нөмірі, рұқсат берілген күні,
рұқсаттың қолданылуы аяқталу мерзімі) ЖСН)
берілген рұқсат (рұқсаттар) қайтарып алынды.
__________________________________ ___________ ______________
жергілікті атқарушы орган қолы (ТАӘ (бар болса)
басшысының лауазымының атауы
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК