Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының    10-2 бабының 10-33) тармақшасына, 10-8 бабының 1 тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына, 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабының 6) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 1) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен 4 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36186 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Осы шешіміне 2-қосымшаға сәйкес Көкшетау қалалық мәслихатының кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.»;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында айқындалған Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Көкшетау қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді ресми жариялануды;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін «Көкшетау қаласының мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Көкшетау қаласы

мәслихатының

шешіміне қосымша

 

Көкшетау қаласы мәслихатының

2025 жылғы

29 қыркүйектегі

№ С-25/6 шешіміне

2-қосымша

Көкшетау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі:

 

  1. Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8277 тіркелген).
  2. Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № С-22/11 «Көкшетау қалалық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30143 тіркелген).
  3. Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № С-26/7 «Көкшетау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № С-49/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8508 тіркелген).
Көкшетау қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № С-25/6 «Көкшетау қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
01 сентября 2026