"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; қағидаларын бекіту туралы

Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 наурызда № 22394 болып тіркелді.

       "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мыналар:

       1) "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

       2) "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

       3) "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

       5) "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар жұмыскерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

       6) "Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

       7) "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;

      8) алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       9) "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-1-қосымшаға сәйкес бекітілсін;

       10) "Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.04.2024 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

       2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      2-1) Осы бұйрыққа өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жіберуді;

       3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Д. Оспановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

С. Шапкенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

       Цифрлық даму, инновациялар

       және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84 бұйрығына
1-қосымша

 "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметті астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариус не нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат негізінде оның өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті (өтініштерді) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес келтірілген.
  2. Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда көрсетілетін қызметті берушіге:

      көрсетілетін қызметті берушіде – өтініштің тіркелген күні және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

      Мемлекеттік корпорацияда – тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

      Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау туралы мәртебе көрінеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес беріледі.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  3. Азаматтардың қалыптастырылған iс макеттерi Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға куәлік беру үшін астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар аудандар, қалалар әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссияларға (бұдан әрі – арнайы комиссиялар) жолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Арнайы комиссиялар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу (тіркеуден бас тарту) туралы шешiм (бұдан әрі – шешім) қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде комиссияның төрағасы куәландырған тiзiмдердi жасайды, олар жеке iс макеттерiмен және арнайы комиссиялардың шешiмдерiмен бiрге Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiберiледi.

      Арнайы комиссия комиссия төрағасы куәландырған тізімге сәйкес шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде азаматқа "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесіне 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматқа куәлік береді.

  1. Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерi келiп түскен iс макеттерiн тиiстi журналда тiркейдi және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын дайындайды.

      Өтемақы тағайындау үшiн Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi өтемақы тағайындау туралы шешiмдердiң жобаларын қоса бере отырып, iс макеттерiн олар алынған күннен бастап күнтізбелік бес күннiң iшiнде Мемлекеттік корпорацияның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық органдарына (бұдан әрі – өтемақы тағайындау жөніндегі орган) жiбередi.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2025 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

  1. Өтемақы тағайындау жөнiндегi органдар күнтізбелік он күн iшiнде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iстермен қоса өтемақы өтемақыны төлеуге арналған қаражат қажеттілігін жасау үшін Мемлекеттік корпорацияның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Бұдан бұрын куәлік алмаған азаматтар оны Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы алады.

      Азаматтардың тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісі және кезеңі расталғанда арнайы комиссия бес жұмыс күні ішінде азаматқа өтемақы алу құқығын іске асыру туралы белгісі бар куәлік береді.

  1. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды.

      Қосымша сұрау салу, тексеру жүргізу қажет болғанда арнайы комиссиялардың істер макетін қарау мерзімін оның төрағасы, бірақ бір айдан көп емес мерзімге ұзартады.

      Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

  1. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.

       ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойғанда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіп бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін қайта жүгінеді.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      17-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің техникалық ақаулары болғанда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, e-maket@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.
  2. Куәлігін жоғалтқанда, оның иесі Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғалту және телнұсқасын беру туралы өтінішпен жүгінеді. Өтінішке тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттар қоса беріледі. Арнайы комиссия өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей азаматқа "Телнұсқа" деген мөртабан басылатын куәліктің телнұсқасын береді.

 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

       "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

       ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу,
біржолғы мемлекеттік ақшалай
өтемақы төлеу, куәлік беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

       Халықты әлеуметтік қорғау

       саласындағы реттеу

      және бақылау комитетінің ___________

      облысы бойынша

      департаменінің басшысына

      ____________________________

      ____________________________

      мекенжайы бойынша тұратын

      ____________________________

      ___________________________,

      жеке басын куәландыратын

      құжат жеке сәйкестендіру нөмірі

      _______________________

 Өтініш

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2025 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегуші ретінде біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындау жүргізуді сұраймын.

      ________ жылдан бастап ________ жылды қоса алғанда ____________ радиациялық әсер аймағының _____________ аумағында тұрдым.

      Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      __________________________________________________

      __________________________________________________

      Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.

      1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы алған жоқпын (алған кезде алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)

      _________________________________________________

      __________________________________________________

      Банктік деректемелер:

      Банктің атауы ________________________________

      Жеке шоты № ________________________________

      Шот түрі: ағымдағы _________________

      Өтемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Өтемақыны алу үшін қажетті Екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шоттың иесі ретінде өзім және банктік шоттарымның нөмірлері туралы дербес деректерімді жинауға келісім беремін.

      Күні _________________ Қолы __________________

      -----------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы)

      Азамат (ша) __________________________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен 20__жылғы "__" ____________ _____________ данада қабылданды.

      __________________________________________________

      қолы (құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

 

"Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу,
біржолғы мемлекеттік ақшалай
өтемақы төлеу, куәлік беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

 

Семей ядролық сынақ
полигонында ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тіркеу және есепке алу және
олардың жеңілдіктерге құқығын
растайтын куәлікті беру
жөніндегі арнайы
комиссияның төрағасы
____________________
______________________
мекенжайы бойынша тұратын
__________________________,
____________________________
жеке басты куәландыратын
құжат

 Өтініш

      Маған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлікті (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын.

      _______________ бастап _________________ қоса алғанда _______________ радиациялық әсер аймағының аумағында тұрдым.

      Өтінішке жоғарыда көрсетілген аумақтарда тұру фактісін растайтын мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:_____________________

      Ұсынылған құжаттар үшін толық жауапты боламын.

      Куәлікті (куәліктің телнұсқасын) алу үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Күні _______________________ Қолы_______________________________

       ---------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы)

       Азамат (ша) _____________________ өтініші қоса берілген құжаттарымен

      20______ жылғы "______" ________ __________ данада қабылданды.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

       (құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу,
біржолғы мемлекеттік ақшалай
өтемақы төлеу, куәлік беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

 "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 дейін қолданылады); өзгеріс енгізілді - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру"

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәлік беру;

2) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктің телнұсқасын беру;

3) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу.

 

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

 

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

3) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

5

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау – өтінішті тіркеген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні;

алғашқы рет жүгінген көрсетілетін қызметті алушыларға куәлік беру – Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде; куәліктің телнұсқасын беру – көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні;

астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың бөлінісінде өтемақы төлеу кестесіне сәйкес біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақыны (бұдан әрі – өтемақы) төлеу.

Өтемақы тағайындау жөнiндегi органдар күнтізбелік он күн iшiнде өтемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайды және оларды iстермен қоса өтемақы өтемақыны төлеуге арналған қаражат қажеттілігін жасау үшін Мемлекеттік корпорацияның астанадағы, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы Мемлекеттік корпорацияның аудандық (қалалық) бөлiмшелерiне жiбередi.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешімді қабылдау үшін қосымша сұрау салу, тексеру жүргізу қажет болғанда 1 (бір) айға ұзартылады.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

2) көрсетілетін қызметті берушіде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут.

 

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

 

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіде:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;

2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру; Мемлекеттік корпорацияда:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім;

2) куәлікті немесе оның телнұсқасын беру;

3) көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аудару арқылы өтемақы төлеу;

4) бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген көрсетілетін қызметті алушылардың жеке және заңды тұлғалардың ақшасын уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына қаражатты аудару арқылы өтемақы төлеу болып табылады.

 

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

 

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады;

2) Мемлекеттік корпорацияда – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады;

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат негізінде оның заңды өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш (өтініштерді) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес келесі құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға, немесе порталға ұсынады:

1) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

2) 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар (архив анықтамалары, ауылдық, кенттік Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік, немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін), негізгі орта білім немесе жалпы орта білім туралы аттестат, неке (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік (бар болса) немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегін өзгерткен кезде) болғанда – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік. Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Портал арқылы – жеке басты куәландыратын құжатты қоспағанда, құжаттардың электрондық көшірмелері. Егер Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактілерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы ақпараттарды көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

 

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

 

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар 1414, 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

3. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

 

 

 

 

 

"Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан зардап
шеккен азаматтарды тіркеу,
біржолғы мемлекеттік ақшалай
өтемақы төлеу, куәлік беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

 

____________________________

 

________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
не көрсетілетін қызметті алушы
ұйымының атауы)
_________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

         

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №____бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3).............................

      ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға

      байланысты

      _________________________________________ мемлекеттік қызметті көрсетуге

      құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      ______________________________________________________________

       Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),

      қолы

      Орындаушы: _________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон__________

      Алдым: _________________________________________________

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/қолы

      20 ____ жылғы "___" _________

 

"Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тіркеу, біржолғы мемлекеттік
ақшалай өтемақы төлеу,
куәлік беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
5-қосымша

 __________________________ ауданы (қаласы) әкiмi жанындағы ___________________ арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешiмi

       Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      № ____хаттамаға, күнi _________________________
Азамат _____________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), санаты (зейнеткер, мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы алушы/жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)
1. Азамат ________________
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында;
_______бастап__________дейiн _________ радиациялық қатер аймағында
тұрған кезең үшiн Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шегушi деп саналсын.
2. Өтiнiш берушiнiң өтемақы төлемдерi туралы деректерiн "Қазақстан Халық Банкi"
акционерлік қоғамының (бұдан әрi – Банк), "Қазпочта" акционерлік қоғамының
деректерiмен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар анықталды:
Азамат: _____________________________________________________________
1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңге өтемақы төлеу жүргiзiлген
жоқ/жүргiзiлген (қажеттiсiнiң асты сызылсын);
_______(күнi көрсетілсiн)_______ теңге___ тиын сомасында жүргiзiлдi.
2) теңгерiмнен тыс арнайы шотқа (шоттың күнiмен № көрсетiлсiн) жалпы сомасы
_______теңге______ тиын нақты аударылды.
3) _______________________ теңгерiмнен тыс арнайы шот ашылды.
(шоттың № мен түрi көрсетiлсiн)
Банктiң деректерiне сәйкес ол бойынша қаржыландыру жүргiзiлмеген, өйткенi өтемақы
сомалары бюджет қаражатымен расталмаған.
3. Банкпен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша мыналар қажет деп санаймыз:
1) 1993 жылдан бастап төлеу сәтiне дейiнгi кезеңде қаражатты қаржыландыру жүргiзiлмеген
және теңгерiмнен тыс арнайы шотында көрсетiлген өтемақы сомасы бюджет қаражатымен расталмаған
_______ (күнi көрсетiлсiн) ашылған №______ теңгерiмнен тыс арнайы

      шот жабылсын.

2) Банк №________ теңгерiмнен тыс арнайы шотқа _________ (күнi көрсетiлсiн) бұрын

нақты аударылған өтемақы төлеудi жүзеге асырсын.

  1. Азамат _________________ Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шегушi ретiнде тiркеуден бас тартылсын.

  1. Қабылданған шешім туралы өтініш беруші хабардар етілсін.

Комиссияның төрағасы _________________

Комиссияның мүшелері _________________

Мөрдің орны

 

"Семей ядролық сынақ
полигонындағы ядролық
сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды
тіркеу, біржолғы мемлекеттік
ақшалай өтемақы төлеу,
куәлік беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
6-қосымша

 

Нысан

 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы тағайындау туралы шешiм 20 ____ жылғы "___"____________ № ______

       Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау
      саласындағы реттеу және бақылау комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, өтемақы алушы ісінің № ______
Азамат _______________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), санаты (зейнеткер, мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақы алушы/ жұмыс iстейтiн, жұмыс iстемейтiн)
      Жынысы _________ Туған күнi 19___жылғы "__" _______
       1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес:
      __________ радиациялық қатер аймағында 19___жылғы бастап 19___ жылғы дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (айлық есептік көрсеткішпен (бұдан әрі – АЕК)_____)
      __________ радиациялық қатер аймағында 19 __ жылғы бастап 19___ жылғы дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
      __________ радиациялық қатер аймағында 19___ жылғы бастап 19__ жылғы дейiн тұрған кезең үшін _________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
      __________ радиациялық қатер аймағында 19___ жылғы бастап 19___ жылғы дейiн тұрған кезең үшiн ________ теңге сомасында (АЕК-пен_____)
      __________ радиациялық қатер аймағында 19___ жылғы бастап 19___ жылғы дейiн тұрған кезең үшiн __________ теңге сомасында (АЕК-пен_____) бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) тағайындалсын.
      Тағайындалған өтемақы сомасының жиыны: _____ теңге ______ тиын (АЕК-пен____)
      2. Төленген өтемақының сомасы (оның iшiнде теңгерiмнен тыс арнайы шотқа аударылғаны)
      жылы ___________ теңге (АЕК-пен________)
      жылы ___________ теңге (АЕК-пен _______)

  1. Төленетiн өтемақының қалған сомасы (төленген (теңгерiмнен тыс арнайы шотқа нақты аударылған) өтемақыны шегергенде) жылы _____ _____ теңге (АЕК-пен___)

      (сомасы жазумен, теңге)

  1. Өтемақы тағайындаудан бас тартылсын

_____________________________________________________

____________________________________________________

             (бac тарту негiздемесi)

Тексерiлдi және бекiтiлдi:

Mөрдің орны

Департамент басшысы __________ ________________________

    (қолы) (тегі)

Зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі бөлімнің басшысы

______________ ________________________________________

(қолы) (тегі)

Тағайындау жөнiндегi маман ______________ _______________

      (қолы) (тегі)

Шешiм жобасын дайындаған:

Мөрдің орны

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы

___________________ ___________________________

(қолы) (тегі)

Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

____________________ __________________________

(қолы) (тегі)

 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84 бұйрығына
2-қосымша

 "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметті астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе порталға электрондық түрде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес сұрау салу қалыптастырады.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде көрсетілетін қызметті алушы өтінішке "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса отырып жүгінеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
  2. Құжаттарды қарау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
  3. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

      Мемлекеттік корпорацияда – өтініш берушіден қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы электрондық қолхат, өтініш берушінің өтініші бойынша қолхат қағаз түрінде беріледі;

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон беріледі;

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне қажетті мәліметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі сұрау салады.

      Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Өтініштерді, оның ішінде электрондық өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші немесе ауылдық округ әкімі түскен жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні тіркейді.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 8-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші немесе ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жібереді.

      Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен қоса көрсетілген қызметті берушіге жібереді.

  1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспегенде уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратады.
  2. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмағанда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
  3. Көрсетілетін қызметті беруші учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуге қажеттілік туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
  2. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсетуге қажеттілік туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеге сай беріледі.
  2. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылдағанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетіні туралы хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол:

      көрсетілетін қызметті алушыны бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ақпараттық жүйелерді пайдалану;

      көрсетілетін қызметті алушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға тыңдау хаттамасын жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау хаттамасымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.

      Көрсетілетін қызметті алушы танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.

      Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, бас тартқан жағдайда – осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды.

      Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде береді.

      Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің негіздерін жойғанда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіп бойынша мемлекеттік қызмет алуға қайта жүгіне алады.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      17-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

       "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

       ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

Жергілікті атқарушы
органның басшысына
___________________

 Өтініш

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Азамат________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні: ______ жылғы "___" _______________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________

      Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _________________________________

      Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: ___________

      Берілген күні ____________ жылғы "__" ________________________________

      Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ___________________________________

      ____________________________________________________________ облысы

      __________________________ қаласы (ауданы) ____________________ ауылы

      ____________________________ көшесі (шағын ауданы) _______ үй ___ пәтер

      Банк деректемелері:__________________________________________________

      Банктің атауы _______________________________________________________

      Банк шотының № ____________________________________________________

      Телефон ____________________________________________________________

      Маған ________________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

       "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

      Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.

      20____ жылғы "____" ___________

       ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы

      Құжаттарды қабылдаған:

       ___________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      20____ жылғы "____" ____________

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-1-қосымша

 

Нысан

 

Жергілікті атқарушы
органның басшысына
___________________

 "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш

       Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Азамат ____________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні: _____________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:________________________________________

      Мемлекеттік органдардың растауы:

      "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынған деректер

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _____________________________

      Құжат сериясы: _________________________________________________

      Құжат нөмірі: ___________________________________________________

      Кім берген: _____________________________________________________

      Берілген күні: ___________________________________________________

      Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы:

      ______________________ облысы _________________________ қаласы (ауданы)

      ___________________ ауылы _______________________ көшесі (шағын ауданы)

      __________ үй _________ пәтер

      Маған _________________________________________________________

      әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың

атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

      Банктік деректемелер:

      Банк атауы______________________________________________________

      Банктік шоттың № _______________________________________________

      Телефон ________________________________________________________

      Электрондық пошта ______________________________________________

       Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған, сондай-ақ төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      Екінші деңгейдегі банктердегі, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шот иесі ретінде өзім туралы және банктік шотымның нөмірі туралы мәліметтерді алуына келісім беремін.

      Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің барлық өзгерістері туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануына жол берілмейтіні туралы хабардармын.

       Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

      ____________________________________________________________________

      Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:

      ____ .___. _____ жыл ___сағат __ минут ____секунд

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-2-қосымша

 Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу

       Ескерту. Қағидалар 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы өтініш берушінің, отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мынадай:

      1) ЖТ МДҚ-дан жеке басты куәландыратын;

      2) ЖТ МДҚ-дан тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

      3) әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы;

      4) "ЖМБМК" АЖ-да кадастрлық нөмірі және жылжымайтын мүліктің мекенжайы туралы;

      5) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе "АХАЖ" АЖ-да туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (азаматтық хал актілерінің жазбалары) бойынша;

      6) "АХАЖ" АЖ-да неке қию туралы куәлік бойынша (азаматтық хал актілерінің жазбалары);

      7) "ҰББДҚ" АЖ-да қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;

      8) ЖТ МДҚ-дан 14 жастан асқан қорғаншылықтағы баланың тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;

      9) "ДНЭТ" АЖ-де жеке тұлғаның Д-есебінде тұруы жөніндегі мәліметтерді алу үшін сұрау салу қалыптастырылады.

      Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-сынан және ЕДБ АЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ-ның ЭЦҚ-сымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызметкерінің немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

      Ескертпе:

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖТ МДҚ – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры;

      "ЖМБМК" АЖ – "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі;

      АЖ – ақпараттық жүйе;

      "АХАЖ" АЖ – азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі;

      "ҰББДҚ" АЖ – "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі;

      "ДНЭТ" АЖ – "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

      ЕДБ АЖ – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

 "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 дейін қолданылады); өзгеріс енгізілді - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

 

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

 

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);

3) Мемлекеттік корпорация арқылы

4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

 

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

 

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрде.

 

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап көрсетілген немесе қабылданған шешім туралы хабарлама ұсынылады. Порталда әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

 

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін көрсетіледі.

 

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға:

1) жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі: дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат; жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат. Салыстырып тексеру үшін құжаттар төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Порталға: мемлекеттік қызметті көрсету үшін – "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-1-қосымшаға сәйкес өтініш; мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, мүгедектікті растайтын құжаттың, адамда әлеуметтік маңызды аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

 

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мынадай:

1) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

 2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша.

 

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.​enbek.​gov.​kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

 

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-1-қосымша

 

Нысан

         

 20___ жылғы "___" __________ әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       Ескерту. Қағидалар 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Азамат ________________________________________________________,

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      өтініш берген күні: 20___ жылғы "___" _____________________________,

       өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 12-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішін қабылдаудан бас тартылды (керегінің астын сызу).

       _________________________________________________________________________

      (жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік
көмек тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

 Адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___ жылғы "___" ___________
      __________________________________________________________________
                                              (елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
__________________________________________________________________
2. Тұратын жерінің мекенжайы _______________________________________
__________________________________________________________________
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш беруінің себептері
__________________________________________________________________

  1. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) _____ адам, оның ішінде:

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Еңбекке жарамды барлығы ______________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы
негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының
ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары
ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар
аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы
(көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)___________________________________________.
5. Тұрып жатқан жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй,
қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар: ______________________________________
_____________________________________________________________________________
Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, мал мен құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мыналардың бар-жоғы:

автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін

мәлімделген табыс) _________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі (оны пайдаланғаннан түскен

мәлімделген табыс) _________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

  1. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

  1. Отбасының өзге табысы (нысаны, сомасы, көзі):

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

  1. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

  1. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы

__________________________________________________________________

Комиссия төрағасы:

________________________ _________________________

Комиссия мүшелері:

________________________ _________________________

________________________ _________________________

________________________ _________________________

________________________ _________________________

(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Жасалған актімен таныстым: _________________________________________

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы

__________________________________________________________________

Тексеру жүргізілуден бас тартамын ___________________________________

Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты

(ол болған жағдайда) және қолы_ _____________________________________________

                (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

Күні ___________________

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

 Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы  20__ жылғы ___ ______

       Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген тұлға (отбасы)

      _________________________________________________________________________

       _________________________________________________________________________

                  (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде тұлғаға (отбасыға) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті ұсынудың

      __________________________________

      _________________________________________________________________________

       _________________________________________________________________________

                  (қажеттігі, қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы: __________________ ______________________

       Комиссия мүшелері:

      __________________ __________________________________________

      __________________ __________________________________________

      __________________ __________________________________________

       __________________ __________________________________________

      (қолдары)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

       Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________

      қабылданды ______________________________________________

       ____________________________________________________________________

      құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы.

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
5-қосымша

 

Нысан

 __________________________________________________________________________  Астана, республикалық маңызы бар қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің 20__ жылғы____ № ______ әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешімі

       Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Өтініш беруші________________________________________________________
                                 (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

Жынысы _____________________

Туған күні ____________________

Мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеменің болу фактісін растайтын құжаттың нөмірі

және берілген күні ___________________________________________________

____________________________________________________________________

Арнайы комиссияның қорытындысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30

маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін

белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

үлгілік қағидаларының 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша):

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

  1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін.

Әлеуметтік көмектің мөлшері: _______________________________________________

(жазбаша)

Жиілігі: _________________________________________________________________

(жазбаша)

  1. ______________________________________________________________________

________________________________________________________________________

(бас тарту негізі)

әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылсын.

Бөлім басшысы _________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Маман ________________________________________________________________

                                (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
6-қосымша

 

Нысан

 20__ жылғы "___"________ ________________________________(әлеуметтік көмек түрі) әлеуметтік көмек көрсету туралы хабарлама

       Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Азамат ___________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні ________________________________________________________

20__ жылғы "__" _____ № ___ әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім

Тағайындалған сома: _______________________________________________

20 __ жылғы "___" ________ бастап ____________________________ теңге

(сомасы жазбаша)

Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

(жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

 

"Жергілікті өкілді органдардың
шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
7-қосымша

 

Нысан

 20__ жылғы "___"________ _______________________________________  (әлеуметтік көмек түрі)  әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

       Ескерту. Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Азамат ___________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған күні __________________

       20__ жылғы "__" ____ № ___ әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім

      ________________________________________________________________

       ______________________________________________________________________

      негіз (себептерін көрсету) көрсетуден бас тартылды.

       Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды

      _______________________________________________________

       ______________________________________________________________________

      (жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84 бұйрығына
3-қосымша

 "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалалры) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметті осы Қағидаларға сәйкес астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Жеке жоспар бойынша мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті атқарушы өкілді органдар айқындайтын тәртіп пен мөлшерлерде мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.
  2. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
  3. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
  4. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация арқылы уәкілетті органға немесе порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.
  2. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
  3. Тізбеде көзделген құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияда тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

      Құжаттарды портал арқылы ұсынған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранысты қабылдау туралы мәртебе көрінеді.

  1. Өтініш беруші мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемдерді тағайындау үшін тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы өтініштің дұрыс толтырылуын және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      өтінішті "Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған бірыңғай ақпараттық жүйе" ақпараттық жүйесінде тіркейді және өтініш берушіге тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді.

       Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген тізбеге сай құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

       Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.

       ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды, шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін не бас тарту себептері көрсетілген жауапты Мемлекеттік корпорацияға немесе уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" жібереді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өзінің немесе оның өкілінің тиісті өкілеттігі көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілі жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткенде жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік корпорация нәтижені алған күннен бастап бір ай бойы нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы нәтижені алған күннен бастап бір ай өткен соң жүгінгенде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

       Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама, сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің техникалық ақаулары болғанда көрсетілетін қызметті беруші істен шыққан сәттен бастап дереу мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, қатеге әкеп соқтыратын іс-қимылдар реттілігінің сипаттамасы бойынша ақпаратты, туындаған проблеманы түсіндіретін скриншоттарды міндетті түрде ұсына отырып, support_newesobes@enbek.kz электрондық поштасы арқылы қолдау қызметіне сұрау салу жолдайды.

 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

       "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

       ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

 

Жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген мемлекеттік
ұйымның басшысына
__________________________
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))

 Өтініш

      Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанат белгімен белгілеу): ата-ана _____ қорғаншы (қамқоршы) ____

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________

      Тегі __________________________________________

      Аты__________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ________________________

      Туған күні "___" ___________ ____ жыл

      Жеке басын куәландыратын құжат ________________

      Құжат сериясы _________ Құжат нөмірі ___________

      Кіммен берілді _________ Берілген күні "___" ___ ____ жыл

      Тұрғылықты мекенжайы:

      Облыс ____________________________

      Қала (аудан) _________________ Ауыл ____________

      Көшесі (шағын ауданы) _______________ ____ үй ____ пәтер

      Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлем тағайындалатын бала туралы мәліметтер:

      Баланың жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________

      Баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса):

      ______________________________________________

      Баланың туған күні "___" ___________ 20___ жыл

      Мүгедектігі __________________________________

      Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындауға құжаттар қабылдауды сұраймын.

      Келесі құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:

      1 ____________________________________________

      2_____________________________________________

      3 ____________________________________________

      4 ____________________________________________

      5 ____________________________________________

      Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапкершілікте боламын.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді алу үшін қажетті екінші деңгейдегі банктердегі, Қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және қаржы ұйымдарының банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі өзімнің банк шотының иесі ретінде және шоттарымның нөмірлері туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

      Тұрғылықты мекенжайымның (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банк реквизиттерінің өзгергені туралы барлық өзгерістер жөнінде он жұмыс күні ішінде Мемлекетттік корпорация бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.

      Мемлекеттік бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін бөлек банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ, мұндай шотта болатын ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.

      ___________________________ __________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      20 ___ жылғы "___" ______

      Құжаттарды қабылдаған: _______________ ________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы)

      20___ жылғы "___" ____________

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

 "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындауға өтініш

      Өтініш беруші туралы мәліметтер (қанат белгімен белгілеу): ата-ана ________________

      орғаншы (қамқоршы) _____________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі __________________________

      Тегі ___________________________________________

      Аты___________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) _________________________

      Туған күні "___" ___________ ____ жыл

      Тұрғылықты мекенжайы:

      Облыс ____________________________

      Қала (аудан) _______________________ Ауыл __________

      Көшесі (шағын ауданы) ____________________ ____ үй ____ пәтер

      Маған мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындауды сұраймын.

      Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлем тағайындалатын бала туралы мәліметтер:

      Баланың жеке сәйкестендіру нөмірі ___________________

      Баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса):

      _______________________________________________

      Баланың туған күні "___" ___________ 20___ жыл

      Тұрғылықты мекен-жайы:

      Облыс ____________________________

      Қала (аудан) _______________________ Ауыл __________

      Көшесі (шағын ауданы) _______________________ ____ үй ____ пәтер

      Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының нөмірі: ______________

      Дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының күні: ______________

      Үйде оқыту басталатын күн: ______________

      Үйде оқыту аяқталатын күн: ______________

      Мемлекеттік органдардың растаулары:

      "Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінен мәліметтер

      Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі ____________________

      Құжаттың сериясы _________ Құжаттың нөмірі ___________________________

      Кім берген _________ Берілген күні "___"_________ ____ жыл

      Ақпараттық жүйелердегі деректер

  1. Өтініш берушіге/асыраудағы адамға қорғаншылық (қамқоршылық) туралы мәліметтер:

      Қорғаншылық (қамқоршылық) туралы шешім нөмірі: ____

      Қорғаншылық (қамқоршылық) туралы шешім күні: _____

      Қорғаншылық (қамқоршылық) туралы шешім берген орган: ____________

  1. Асырап алу туралы мәліметтер:

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________

      Өтініш берушінің туған күні "___" ___________ ____ жыл

      Асырап алынған баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________

      Асырап алынған баланың туған күні "___" ____ ____ жыл

      Құжатты берген органның атауы: ____________

      Шешім нөмірі: __________________

      Шешім күні: __________________

      Шешімнің заңды күшіне енген күні: ____________

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы __________________

      Банк шотының нөмірі __________________

      Шот түрі: ағымдағы __________________

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Телефон ______Ұялы телефон ______ E-mail_______

      Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігіне жауапкершілікте боламын.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді алу үшін қажетті екінші деңгейдегі банктердегі, Қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және қаржы ұйымдарының банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі өзімнің банк шотының иесі ретінде және шоттарымның нөмірлері туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

      Тұрғылықты мекенжайымның (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу), анкеталық деректердің, банк деректемелерінің өзгергені туралы барлық өзгерістер жөнінде он жұмыс күні ішінде Мемлекетттік корпорация бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.

      Мемлекеттік бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін бөлек банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ, мұндай шотта болатын ақшаға үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіні туралы хабардар етілді.

      Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы __________________

      Өтінішті қол қойған күні мен уақыты:

      20 ____ жылғы "___" ______ ____ сағат ____ минут ____ секунд

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

 "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

       Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 дейін қолданылады); өзгеріс енгізілді - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.07.2026 № 298 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

 Жоқ

 

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

 

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

 

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) Мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;

2) құжаттардың топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

 

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

 

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемді тағайындау туралы хабарлама

 

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

 

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Мемлекеттік корпорацияның – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық кезек" тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

 

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Жеке басын куәландыратын құжаттың, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен берілген азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама, неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік; балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін растайтын құжат немесе туу туралы актілік жазбадан бала асырап алу туралы мәліметтер, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, оқу орнынан мүгедектігі бар баланың үйде оқитындығын растайтын мәлімет, дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының мәліметтері, банктік шоттың нөмірі туралы, өтініште көрсетілген мүгедектігі туралы анықтама мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші келесі құжаттарды қоса береді:

1) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

2) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтама. Құжаттарды салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі беріледі, құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Порталда:

1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш сұрау салуы;

2) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі;

3) мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі.

 

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі);

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады. Өтініш беруші қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттардың толық емес топтамасын ұсынғанда өтініш берушіге Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

 

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:

1) Министрлік – www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

2) Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.

2. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар "1414", 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

3. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болғанда төлем туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

 

 

"Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

         

      Нысан

 

_________________________
_________________________
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) не көрсетілетін
қызметті алушы
ұйымының атауы)
__________________________
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 Құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат

       Азаматтың өтініші____________________________

       Құжаттарды қабылдаған күн "___" __________ 20 ___ жыл

      Құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

       3) ________________________________________

       Осы қолхат 2 данада жасалды, әр тарапқа бір данадан.

       _______________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы: _______________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Телефон__________

       Алдым: _______________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      "___" _________ 20__ жыл

 

"Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан

 

_________________________

 

_________________________

 

__________________________

 

(Тегі, аты, әкесінің аты (ол
болған жағдайда)
не көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы)

 

___________________________

 

___________________________

 

___________________________

 

___________________________

 

(көрсетілетін қызметті

 

алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының

      №_____________________________ бөлімі _______________________________

      (мекен-жайын көрсету)

       _________________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды

      қабылдаудан бас тартады.

       Тізбеге сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың

      толық топтамасы, атап айтқанда:

      Құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) ________________________________________

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      _______________________________________________________________

       (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      қолы)

      Орындаушы: __________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Телефон__________

      Алды: __________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) / қолы

      "___" _________ 20__ жыл

 

"Мүгедектігі бар балаларды
үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

 ХАБАРЛАМА

      Тегі _____________________________________________

      Аты _____________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) _____________________________

      Құжат нөмірі: _____________ Кіммен берілген:__________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: __________________________

      Тұрақты тұратын (тіркелген) мекенжайы:

      Облыс ________________________________________

      Қала (аудан) ________________ ауыл: ________________

      Көшесі (шағын аудан)________________ үй _____ пәтер _____

       _______________________________________________________________

      (баланың тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))

      төлем тағайындалғанын/ (___________ байланысты) төлем тағайындаудан бас тартылғанын хабарлаймыз.

      "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу мемлекеттік қызметі бойынша өтініш қабылданды және "__" __________ 20__ жылғы № ____________ нөмірмен тіркелді

       _____________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

       _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      "___" ____________ 20___ жыл



 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84 бұйрығына
4-қосымша

 "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

       Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.03.2022 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2021 жылғы 25 наурыздағы
№ 84 бұйрығына
5-қосымша

 "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

       Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға және оның заңды өкілдеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлық коғам арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2025 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.
  3. Құжаттарды қараудың және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін берудің жалпы мерзімі Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
  4. Тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
  5. Мемлекеттік корпорация бөлімшесінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде жүзеге асырылады (немесе нотариус не нотариаттық іс-әрекеттерді жасайтын лауазымды адам нотариалды түрде куәландырған сенімхат негізінде оның өкілінің).
  6. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-тармақтың бірінші, екінші және үшінші абзацтары жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Құжаттар топтамасы тізбеге сәйкес келсе Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы "Е-Макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "Е-Макет" ААЖ) көрсетілетін қызметті алушының өтінішінен деректерді енгізеді, сондай-ақ "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерге сұрау салулар қалыптастырады:

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесіне;

      банк шотының нөмірі немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер бойынша – екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне;

      зардап шеккен адамның мәртебесіне байланысты;

      денсаулықты зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу кезінде – әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы мәліметтер бойынша;

       Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес мүгедектік мерзіміне зиян өтелетін қызметкердің қайтыс болуы салдарынан зардап шеккен мүгедектігі бар адамға зиянды өтеу кезінде – мүгедектік белгілеу туралы мәліметтер.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтер автоматтандырылған режимде "Е-Макет" ААЖ-дан мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне түседі.
  2. Тізбеде көзделген жазбаша өтініш пен құжаттарды қабылдағаннан кейін Мемлекеттік корпорацияның маманы екі жұмыс күні ішінде ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерін есептей отырып, электрондық іс макетін және ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек тағайындауға арналған шешімнің жобасын қалыптастырады.

      Қалыптастырылған электрондық іс макеті Мемлекеттік корпорацияның филиалына жолданады және оны қалыптастыру үшін істің қағаз нұсқасы басып шығарылады.

      Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, электрондық іс макеті мен ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек мөлшерін есептеуді ресімдеудің дұрыстығын тексереді және оны көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші келіп түскен электрондық іс макетін қарайды және төрт жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға нысан бойынша ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

       Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала, бірақ шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау туралы хабарлама жібереді.

       ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету немесе себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген негіздер бойынша 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.

 3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші не Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға жіберіледі.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

       Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағымдануға ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа шағымдануға жол беріледі.

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалар
қызметкерлердің өмірі
мен денсаулығына келтірген
иянды өтеу жөніндегі
төлемдерді капиталдандыру
кезеңі аяқталғаннан кейін
Қазақстан Республикасының
азаматтарына ай сайынғы
төлемдер түрінде әлеуметтік
көмекті тағайындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Өңірдің коды

      __________________________

       Қазақстан Республикасы

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің

       ________________ облысы

      (қаласы) бойынша департаменті

 Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2025 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Азамат ________________________________________  (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Туған күні: "___" ________ ______ жылғы

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: _______________________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: _________________________

      Құжаттың сериясы:_______ құжаттың нөмірі:______ кім берген:________

      Берілген күні: "___" _____________ ______ жыл

       Тұрақты мекенжайы:_____________

      Облысы ____________________________________

       Қала (аудан)_________________ ауыл: ____________

      көше (шағын аудан) _________________ үй ______ пәтер ______

       Банк деректемелері:

       Банктің атауы___________________________

      Банктік шот: ____________________________

       Шот түрі: ағымдағы ______________ карточкалық шот ______________(қажеттісінің астын сызу)

      Маған бұрын зиянды өтеу үшін біржолғы сома капиталдандырылған және төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындауды (қайта бастауды) сұраймын.

      Ай сайынғы төлемдер түрінде төленетін әлеуметтік көмек мөлшерінің барлық өзгерістері, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кету), анкеталық деректерімнің, банктік реквизиттерімнің өзгеруі туралы күнтізбелік 10 күн ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына хабарлауға міндеттенемін.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікте боламын.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

1

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

      Төлем тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Бұрын капиталдандырылған және зиянды өтеуге біржолғы сома төленген кезеңнің аяқталуына байланысты ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы хабарламаға ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына sms-хабарлама арқылы жіберуге келісім беремін.

      Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы алғанда ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Үй телефоны _______ мобильді телефон ________

      Е-маil ____________

      Өтініш беру күні: "____" __________ 20__ жыл. Өтініш берушінің қолы ______________________ ________________________________________________

      (қию сызығы)

      Азаматтың өтініші______________________________

      Құжаттарды қабылдау күні "___" __________ 20___ жыл № ________ болып тіркелді. __________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

       ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

"Банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалар
қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығына келтірген зиянды
өтеу жөніндегі төлемдерді
капиталдандыру кезеңі
аяқталғаннан кейін
Қазақстан Республикасының
азаматтарына ай сайынғы
төлемдер түрінде әлеуметтік
көмекті тағайындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 2-қосымша

 "Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

       Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 дейін қолданылады) бұйрығымен.

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау

 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

 Жоқ

 

3

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Енбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

 

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

 

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.

2) Мелекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут

3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.

 

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Қағаз түрінде.

 

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

 

8

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

 

9

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. Қабылдау электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы броньдауға болады www.egov.kz.

 

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі немесе медициналық ұйымның қолдаухаты кезінде) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы;

3) ай сайынғы төлемдерді беру жөніндегі ұйымдағы банк шотының не қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің арнайы шотының нөмірі туралы мәліметтер;

4) капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын капиталдандырылған сомаларды алу құқығын растайтын (растайтын) сот актісінің (актілерінің) көшірмесі: мемлекеттен капиталдандырылған төлемдер сомасын алған кезде – мемлекетке зиянды өтеу есебіне капиталдандырылған төлемдерді төлеу жөніндегі жауапкершілікті жүктеу туралы заңды күшіне енген шешім (қаулы, ұйғарым) таратылған заңды тұлғаның мүлкі есебінен капиталдандырылған төлемдер сомасын алған кезде – материалдарында әрбір бірінші кезектегі кредитор бойынша таратып жазу бар конкурстық басқарушының қорытынды есебін бекіте отырып, конкурстық іс жүргізуді аяқтау туралы анықтама (шешім). Капиталдандырылған сомаларды алу құқығы капиталдандыру кезеңі, зиянды өтеу бойынша капиталдандырылған төлемдер сомасы туралы мәліметтерді қамтитын соттың не мемлекеттік архивтің архивтік құжаттарымен де расталуы мүмкін.

 

11

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау

2) көрсетілетін қызметті алушы осы тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған және (немесе) құжаттар топтамасын толық ұсынбағанда;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті жүзеге асыру қағидаларында белгіленген талаптарға көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және олардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

 

12

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Организм функциялары тұрақты бұзылған, өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8 800 080 77 77 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

 

 

 "Банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалар
қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығына келтірген
зиянды өтеу жөніндегі
төлемдерді капиталдандыру
кезеңі аяқталғаннан кейін
Қазақстан Республикасының
азаматтарына ай сайынғы
төлемдер түрінде әлеуметтік
көмекті тағайындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

         

 Ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      20___ жылғы "___" _________ № ____

       Азамат (ша) ___________________________ ________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Туған жылы "____" ______________ ____ жылғы

       Қамқоршы ____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өтініш берген күні 20___ жылғы "___" _________ № ____

      Тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартылды

       ______________________________________________________________

      (себебін көрсету)

       _______________________________________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)

 

"Банкроттық салдарынан
таратылған заңды тұлғалар
қызметкерлердің өмірі мен
денсаулығына келтірген зиянды
өтеу жөніндегі төлемдерді
капиталдандыру кезеңі
аяқталғаннан кейін
Қазақстан Республикасының
азаматтарына ай сайынғы
төлемдер түрінде әлеуметтік
көмекті тағайындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

      Өңірдің коды

      Облыс (қала) ____________ ____________________

 Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің _____________ облысы (қаласы) бойынша департаментінің ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы 20___ жылғы "___" _________ № ____ шешімі

Дата публикации
27 августа 2026