Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының жиырма төртінші кезектен тыс сессиясының күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет Кодексінің қабылдануына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті қайта бекітілді. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасады.

Сондай-ақ мәслихаттың әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметін бағалауға жоспарлы түрде келісім беру ұсынысымен тексеру комиссиясының төрағасы Қайрат Сейітқожаев сөз сөйледі.

Сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы және облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы мәслихат шешімдеріне өзгерістер енгізілді.