
Облыстық мәслихаттың депутаттары мен аппарат қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген іс-шара барысында қала көшелері мен саябақтары қыста жиналған қоқыстан тазартылды.
Акция басталғалы облыстық мәслихат ұжымы сенбіліктерге белсенді қатысуда. Бұл бастаманы облыс аудандарында тұратын депутаттар да қолдайды.