Депутаттың Мамлютка тұрғындарымен кездесуі

Депутаттың Мамлютка тұрғындарымен кездесуі

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Сәуле Сұрағанова Мамлютка тұрғындарымен кездесу өткізіп, 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Ол сайлаушылардың өтініштерінің орындалуы және сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы айтты.

Ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың оң қарқыны байқалды. Халықтың 95% таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бике ауылына автожол жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2 медициналық және 2 фельдшерлік-акушерлік пункт салынды. Дубровное және Қызыләскер медициналық мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізілді.

1-ден 4-сыныпқа дейінгі барлық оқушылар жергілікті бюджет есебінен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 2 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балаларды қауіпсіз тасымалдау үшін 2024 жылы автобус пен газельдер сатып алынды. Бірнеше ауылда балалар алаңдары орнатылды.

Кездесу соңында депутат ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.