Кішкенекөлдегі кездесу

Кішкенекөлдегі кездесу

Ақжар және Уәлиханов аудандарының № 6 сайлау округі бойынша депутаты Орынбасар Ысқақованың кезекті есептік кездесуі Кішкенекөл ауылындағы Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжі мен орталық аудандық аурухананың ұжымымен өтті.

Депутат сайлаушыларды 2024 жылы өткен жеке қабылдаулар, ұжымдармен кездесулер, облыстық мәслихат сессиясына шығарылған мәселелер, депутаттық сауалдар, бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысына қатысу және «Amanat» партиясындағы өз қызметін қоса алғанда атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Орынбасар Сағындыққызы 2025 жылы аудандағы жолдарды, әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу бойынша жоспарларымен, сондай-ақ ауылда өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған басқа да бастамаларымен бөлісті.

Кездесу барысында депутат сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.