Үш жылдық бюджет бекітілді

Үш жылдық бюджет бекітілді

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 20 сессиясы өтті. Күн тәртібінде он бір мәселе қаралды.

Алдағы 2025 - 2027 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндама жасады. Ол үш жылға арналған жалпы соманы жариялады және 2025 жылға арналған бюджет бойынша әр салаға егжей-тегжейлі тоқталды.

Экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов өз сөзінде облыстық мәслихаттың «Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс айтты. Сонымен қатар, Қуанышбек Серікұлы облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері бойынша шешім жобасымен таныстырды.

Энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Данияр Қуанышбаев мәслихаттың «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобаны депутаттардың қарауына енгізді.

Сондай-ақ, 2025 жылы облыстық мәслихат сессияларында қаралатын мәселелердің тізбесі және қызметті ұйымдастыру бағыты бойынша облыстық Тексеру комиссиясының және мәслихат аппаратының құжаттары бекітілді.

Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында алдын ала жан-жақты талқыланды. Сессияда депутаттар барлық мәселелер бойынша шешім қабылдады.