СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезекті 20 сессиясы 2024 жылғы 12 желтоқсанда сағат 11.00-де өтеді. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.
Күн тәртібі:
- Солтүстік Қазақстан облысының 2025 - 2027 жылдарға арналған облыстық бюджеттін бекіту туралы.
- «2021-2025 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысын дамыту Жоспарын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
- 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының сессияларының қарауына енгізілетін негізгі мәселелердің тізбесі туралы.
- Әртүрлі.
Сессия отырысы офлайн форматта өткізіледі.
Онлайн форматқа сілтеме: https://www.facebook.com/skomaslihaty
Дайындауға жауапты: Ыбыраев Фархат Қазбекұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.
Жұмыс телефоны: 8 (7152) 46-48-70, эл.пошта: obl-maslihat@sqo.gov.kz