
Тұрақты комиссиялардың отырысы
Бүгін Сәуле Сұрағанованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары алдағы сессияға шығарылатын мәселелер болды.
Отырыс барысында облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант облыстық бюджетті нақтылау туралы ұсыныс жасады. Депутаттар бюджеттік бағдарламаларды басқаруға жауапты басқармалардың өкілдерін де тыңдады.
Автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмажинов мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу үшін жаңадан қосылған ауданішілік және облыстық автомобиль қатынастары туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, облыс әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамына өзгерістер енгізу жоспарлануда.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялардың мүшелері талқыланған барлық мәселелерді алдағы сессияның күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылдады.