
Облыстық мәслихат депутаттары атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі «Есіктен есікке» акциясы аясында Петропавл қаласының тұрғындарын ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін республикалық референдумға шақырып, үгіт-насихат материалдарын таратты.
Депутаттар акция барысында атом электр станциясын салудың маңыздылығы және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор әсер тигізетіні туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.