1 қазан – Халықаралық қарттар күні

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні шеңберінде облыстық мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері аға буын өкілдерін құттықтады.

Мәслихат ардагерлеріне Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Владимир Бубенконың құттықтау хаты табысталды:

«Шын жүректен асқан ризашылықпен және зор құрметпен - Халықаралық  қарттар күнімен құттықтаймын! Қарттары бар ел - бақытты ел. Сондықтан әр уақытта халыққа сүйеу, жұртымызға қамқор болып, сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелей беріңіз! Бүгінгі шуақты күні Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға, туған-туыстарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!».

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттары өңіріміздің еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне барып, мерекелерімен құттықтады.

2024 жылы Халықаралық қарттар күні «Лайықты қартаю: бүкіл әлемдегі қарттарға күтім көрсету және қолдау жүйелерін нығайтудың маңыздылығы» тақырыбына арналған.