
Кестеге сәйкес 24-31 шілде аралығында «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Қайранкөл (Жамбыл ауданы), Тайынша, Чкалово (Тайынша ауданы), Дәуіт (Ақжар ауданы), Қызылту (Уәлиханов ауданы) станцияларында халықты қабылдады.
Қызылту станциясында «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызын аудан басшылығымен бірге облыстық мәслихат депутаты Сәуле Сұрағанова да қарсы алды.
Осы заманғы медициналық аспаптармен жабдықталған медициналық пойызының білікті персоналы рентгенография және флюорография, ішкі органдар мен тамырларды ультрадыбыстық зерттеу, электрокардиограмма, гастрофиброскопия, пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар, диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізді.
Қызылтуда дәрігерлер 200-ден астам адамды қабылдады, бұл аудан тұрғындарына сақтандыру мәртебесіне қарамастан жоғары сапалы медициналық көмек пен ақысыз негізде кеңес берді.