«Сенат Опен» 1-ші ашық кубогының жартылай финалы

«Сенат Опен» 1-ші ашық кубогының жартылай финалы

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Павлодар қаласында барлық деңгейдегі депутаттар, жұртшылық пен БАҚ өкілдері арасында шахматтан "Senat Open" Солтүстік ашық кубогының 1-ші жартылай финалы өтті. Турнирге Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының өкілдері қатысты. ағымдағы жылдың тамыз айында Астана қаласында өтетін финалға Солтүстік Қазақстан облысы атынан 4 қатысушы шықты. Сонымен қатар, біздің солтүстік қазақстандықтардың бірі қалалық мәслихат депутаты «депутаттар арасындағы Үздік ойыншы» номинациясы бойынша үздік ойыншы болып танылып, дипломмен және жүлделі сыйлықпен марапатталды.