
№ 7 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Сәуле Сұрағанова Мамлют ауданының Белое селосының тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Ауыл тұрғындары кентішілік жолдарды жөндеу, жалақыны көтеру және тұрғын үй сатып алу мәселелері бойынша депутатқа жүгінді.
Сондай-ақ, депутат аудандық мәслихаттың, «Amanat» партиясы филиалының төрағаларымен, Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысымен бірлесіп өрт қауіпті кезеңдегі профилактикалық іс-шаралардың орындалу барысымен танысты.