«Senat Open» шахмат турнирі

«Senat Open» шахмат турнирі

Ел мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеу және Қазақстанда шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында Петропавлда шахматтан «Senat Open» турнирі өтті.

Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың бастамасымен өткізілген турнирдің мақсаты - шахматты жалпыхалықтық спорт түріне айналдыру.

Спорттық сайыстарға облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, өткен шақырылымдардың депутаттары қатысты.

Турнирге қатысушылар мен жеңімпаздарды Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Владимир Бубенко құттықтады.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты