
«Азаматтардың тұрғын үйге құқықтарын іске асыру туралы» мәселені қарау шеңберінде облыстық мәслихат депутаттары жаңа тұрғын үйлердің құрылысының барысымен танысу үшін Петропавлдағы Бірлік шағын ауданына барды. Құрылыс алаңында қала әкімі Серік Мұхамедиевпен бірге мұқтаж азаматтардың түрлі санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету барысы талқыланды. Қала әкімі депутаттардың тұрғын үймен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі сұрақтарына жауап берді. Тұрғын үй мәселесі тұрақты комиссияның отырысында жан-жақты қаралатын болады.