СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс 14 сессиясы 2024 жылғы 31 мамырда сағат 15.00-де өтеді. Мекен жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38, 4 қабат, кіші зал.

 

Күн тәртібі:

 

  1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 9/1 «Солтүстік Қазақстан облысының  2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 07 қазандағы № 48/13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының кейбір мәселелері туралы.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 15/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 12/7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Сессия отырысы офлайн форматта өткізіледі.

Онлайн форматқа сілтеме: https://www.facebook.com/skomaslihaty

Дайындыққа жауапты: Ыбыраев Фархат Қазбекұлы – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы.

Жұмыс телефоны: 8 (7152) 46-48-70, эл.пошта: obl-maslihat@sqo.gov.kz