Депутаттың жеке қабылдауы

Депутаттың жеке қабылдауы

№ 8 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған облыстық мәслихат депутаты Владимир Бубенко Бескөл ауылындағы су тасқынынан зардап шеккендерді уақытша орналастыру пунктінде кезекті жеке қабылдау өткізді.

 Қабылдау барысында ол тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде келтірілген залалды өтеу бойынша түсініктемелер берді.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты