
Облыстық мәслихат депутаты және тәуелсіз Солтүстік Қазақстан заң консультанттары палатасының төрағасы Евгений Кинцель су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу өткізді. Құқық саласындағы кәсіби маман ретінде ол қала тұрғындарына табиғи апаттың салдарына байланысты мемлекеттен көмек алуға заңды құқықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Евгений Юрьевич зардап шеккендердің жеке сұрақтарына да жауап берді.