
«Арман» Петропавл балалар әлеуметтік қызмет көрсету орталығында боччаның алғашқы ойыны өтті. Жас спортшылар өз ойынын Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына арнады.
Көп күндік жаттығудан кейін алаңға шыққан ойыншылар жақсы нәтиже көрсетті. Балалар ережелерді үйренді және жаңа ойын дағдыларын дамытты.
Бірінші ойынның жеңімпаздары мен қатысушыларын облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко құттықтап, жеңімпазға ауыспалы кубокты табыс етті, қатысушыларға естелік сыйлықтар сыйлады.
«Болашақта ойыншылар шеңберін кеңейту жоспарлануда», - дейді Бочча федерациясының облыстық филиалының төрағасы Ольга Клишина.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты