Тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті

Тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті

Облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста өңірдің ішкі саясаты саласындағы елдің даму стратегиясын іске асыру туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин сөз сөйледі.

Облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ескендір Елеусізов «Әділетті Қазақстан» нығайтудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде тәлімгерлікті ұйымдастыру туралы айтты.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Елена Семидоцких Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттілігіміздің іргетасын нығайтатын негізгі институт ретіндегі рөлі туралы айтып берді.

Жастардың өңірдің саяси өміріне қатысуы туралы жастар бастамалары және жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Анастасия Волкова сөз сөйледі.

Сондай-ақ комиссия отырысына колледж студенттері шақырылды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты