Долматоводағы кездесу

Долматоводағы кездесу

Облыстық мәслихаттың № 8 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаты Владимир Бубенко Қызылжар ауданы Березов ауылдық округінің Долматово ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

           Владимир Степанович ауыл тұрғындарын өңірді дамыту бойынша облыстық мәслихаттың қабылдаған шешімдері, жалпы өкілді органның жұмысы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол мәслихат депутаттарының халықтың өтініш-тілектерін орындау барысы туралы айтты.

           Кездесу барысында ауыл тұрғындары проблемалық мәселелермен жүгінді. Кейбір мәселелер сол жерде шешілді. Мысалы, ауылда медицина қызметкерінің болмауына байланысты аудандық ауруханадан ай сайын дәрігер-терапевт қабылдау ұйымдастырылып, жедел жәрдем көлігі ауыстырылады. Тұрғындар аудан орталығына ұзақ сапарларсыз қажетті көмек алатын болады. Сондай-ақ, жол инфрақұрылымының жай-күйі, жұмыс орындарының жоқтығына, сүт сатып алуға және интернет сигналының әлсіздігіне байланысты мәселелер талқыланды. Депутат ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту және олардың проблемаларын шешу бойынша жұмысты жалғастыруға уәде берді.

          

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты