Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 11-сессиясы өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды.

Бірінші болып 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Салалар бойынша нақтыланған бюджет туралы облыстық әкімдіктің қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант баяндады.

Келесі мәселеде амбулаториялық емдеу кезінде облыс азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы шешімге өзгеріс енгізу талқыланды.

Облыс аумағында жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар облысішілік тасымалдау тарифінің өзгеруін келісу ұсынысымен облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет сөз сөйледі.

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин «Қызылжар жастары 2024-2029 жылдарға арналған» әлеуметтік бағдарламасын бекіту туралы баяндама жасады.

Облыс әкімінің ұсынысымен қоғам қайраткері, денсаулық сақтау саласындағы еңбек ардагері Азамат Белгібайұлы Мағзұмовқа "Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы" атағын беру мәселесі қарастырылды.

Бұдан басқа, облыстық мәслихаттың Аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы және жаңа кадрлық тағайындауларға байланысты облыс әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың дербес құрамы туралы шешімдеріне өзгерістер енгізілді.

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала егжей-тегжейлі талқыланды. Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты