Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті

Облыстық мәслихат сессиясына енгізілген мәселелерді алдын ала талқылау мақсатында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Отырыста 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасы қаралды. Сондай-ақ, амбулаториялық емдеу кезінде облыс азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы шешімге өзгерістер енгізу талқыланды.

Сондай-ақ депутаттарға облыс аумағында автомобиль көлігімен жолаушыларды облысішілік тұрақты тасымалдауға тарифтің өзгеруін келісу ұсынылды.

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, сессияда қарау туралы шешім қабылдады.