Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының халықпен есептік кездесулері шеңберінде Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғындарымен есептік кездесуінің қорытындылары бойынша ақпарат

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының халықпен есептік кездесулері шеңберінде Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғындарымен есептік кездесуінің қорытындылары бойынша ақпарат

2024 жылғы 6 ақпанда депутаттардың халықпен есептік кездесулері аясында облыстық мәслихат депутаты Жанахметов Берік Темешұлы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге Саумалкөл ауылының тұрғындары, жұртшылықтың, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау саласының құзыретті мемлекеттік органдарының және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

         Облыстық мәслихат депутаты аудан тұрғындарын облыстың, ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуы және 2024 жылға арналған жоспарлары туралы хабардар етті, тиісті түсініктемелер берілді.

Сөз сөйлегеннен кейін кездесу сұрақтар мен жауаптар түрінде өтті. Тұрғындарды көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, жолдардың жай-күйі, сумен қамтамасыз ету мәселелері қызықтырды.

         Барлық сұрақтар бақылауға алынды.