
Облыстық мәслихат депутаттары білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауда.
Әлеуметтік қорғау, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Ольга Клишина Петропавл қаласының мектептерінде болды.
Депутатпен бірге жөндеу жұмыстарын «Respublica» саяси партиясы» ҚБ филиалының өкілдері де қарады.
Қазіргі уақытта жұмыстар белгіленген кестеден артта қалды. Депутат оқу жылы басталғанға дейін барлық жұмыстарды аяқтауға үлгеру үшін қарқынын арттыруды ұсынды.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты