
Облыстық мәслихаттың депутаттары Петропавл қаласы көшелеріндегі жолдардың жөнделу жұмыстарына бақылау жасады.
Облыс орталығының Тоқсан би көшесіндегі жол ағымдық жөндеуден өтуде. Депутаттар мердігер ұйымның басшысымен кездесіп, жөндеу сапасына аса назар аудару қажеттігін ескертті.
19 ықшам ауданындағы жөндеу жұмыстары да жоспарлы жүргізіліп жатыр. Жақында мұнда жаңа жол жабындысы төселген. Сондай-ақ, Жуков пен Қизатов көшелерінің қиылысында оңға бұрылуға арналған «қалталар» пайда болды, бұл қиылысты. Қазір мердігер ұйымның бригадалары жол жиектерін жөндеумен айналысуда.
Сонымен қатар жол жөндеушілер көше қиылыстарында мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың арбаларының кедергісіз өтуіне жағдай жасалатынын да айтты.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты