
Мәслихаттың депутаттық тобы Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша жұмысты аяқтады.
Бірінші отырыста депутаттар Қағидаларды құрылған жұмыс тобында талқылады. Бұдан әрі депутаттар мүдделі қызметтердің қатысуымен және тармақтар бойынша талқылаумен Қағидалардың жобасын қарады.
Депутаттық топ жұмысының қорытындысы ұсынылған түзетулерді енгізу және Қағидаларды келісуге Әділет департаментіне жолдау, кейіннен облыстық мәслихат сессиясында қарау болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты