Депутаттар колледж мерейтойында

Депутаттар колледж мерейтойында

Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының Агротехникалық колледжі өзінің 65 жылдығын атап өтті.

Атаулы күнге орайластырылған ғылыми-практикалық конференцияға білім беру саласындағы мамандар қатысып, кәсіби-техникалық бағыттағы оқу орындарының тәжірибесімен, жетістіктерімен және басым міндеттерімен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар оқу орнының өндірістік зертханалары мен студенттерге арналған жатақхананың жабдықталуымен танысты.

Студенттер дәнекерлеу және слесарлық шеберлік сабақтарында өздерінің дайындық деңгейлерін көрсетті. Оқытушылар студенттердің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша жұмыс істеу дағдыларын қалай меңгеретінін, өз білімдерін қандай заманауи техникамен бекітетінін көрсетті. Сондай-ақ колледж студенттерінің жоғары спорттық жетістіктері туралы ақпарат ұсынылды.

Агротехникалық колледждің мерейтойына арналған салтанатты жиналыс Ақан сері атындағы аудандық мәдениет үйінде жалғасты, онда бірқатар қызметкерлер облыс әкімінің, салалық кәсіптік одақтың Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерейтойға орай оқу орнының ұжымын депутаттық корпус атынан депутаттар Ольга Клишина, Сәуле Сұрағанова және Ербахыт Амантай құттықтап, облыстық мәслихат төрағасының алғыс хаттары табысталды.

Колледж директоры, облыстық мәслихат депутаты Берік Жанахметов «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты