Депутаттар құрылыс алаңдарына барды

Депутаттар құрылыс алаңдарына барды

Облыстық мәслихат депутаттары Айыртау ауданының құрылыс нысандарын аралады. Айыртау ауылында ұзындығы 21,6 км су тарату желілері бар жергілікті сумен жабдықтау көзінің құрылыс барысымен танысты. Жұмыстар өткен жылдан бастап бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Екі жылға жоспарланған жергілікті сумен жабдықтау көзінің құрылысы жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде. Нысанды пайдалануға беру нәтижесінде ауылдың 700-ден астам тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, Володар ауылдық округінің Саумалкөл ауылындағы М. Янко көшесіндегі кентішілік жолды жөндеумен танысты. Жарықтандырумен жалпы ұзындығы 3,7 км кентішілік жолды орташа жөндеу аяқталуға жақын.

Депутаттар мердігерлердің назарын орындалатын жұмыстардың сапасына аударды.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты